Түркілік мәдениеттегі рәміздердің эстетикасы және оның экзистенциалдық- өмірмәнділік астарлары

Авторлар

  • А. А. Рыскиева І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
  • А. А. Куранбек І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
  • Б. М. Аташ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Н. М. Таттибек С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті
        278 172

Аннотация

Бұл мақалада авторлар түркілердің рәміздік мәдениетіне шолу жасай келіп, оның идеялық көздері мен шығу тегін зерделеп, өмірлік тәжірибелік қырларын да саралайды. Байырғы түркі халықтарының дүниені рәміздік бейнелеудегі сандардың роліне талдаулар жасалып, әлемнің сандық көркемдік-образдық бейнесінің тұспалданған ойлары зерделенеді. Әлемнің вертикальді үштік құрылымы көне әфсаналар мен діни сенімдер бойынша дәйектеледі және бұл иерархиялық жүйенің ішкі мәні туралы идеялар ұсынылады. Бұл идеялардың этикалық және эстетикалық қырлары көрсетіледі. Ата-бабаларымыздың әлемді бейнелейтін онтологиялық рәміздерінің бірі – ағаштың сакральді астарларына шолу жасай келіп, оның әр түрлі формадағы түрленуіне де тоқталып өтеді. «Әлем ағашынан» бастап, жапандағы жалғыз теректің көне дәуірлерден бері сақталған қастерлілігін және онтологиялық-антропологиялық мағынасы толғанылады. Сондай-ақ, келесі кезекте, таудың мифологиялық-мистикалық, рәміздік-эстетикалық астарлары таразыланады да, ол балбалтастармен байланыстырылады. Авторлар көне түркілік дүниетанымда бұндай жеке элементтерді бейнелейтін рәміздердің жиынтығы әлемнің тұтас бейнесін құрайтындығы туралы қортындыны негіздейді.
Түйін сөздер: түркі мифологиясы, дәстүрлі түркі дүниетанымы, түркі мәдениеті, архетип, рәміз, сакралдылық, эстетика.

Жүктелулер

Как цитировать

Рыскиева, А. А., Куранбек, А. А., Аташ, Б. М., & Таттибек, Н. М. (2018). Түркілік мәдениеттегі рәміздердің эстетикасы және оның экзистенциалдық- өмірмәнділік астарлары. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 60(2), 58–68. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/513