Исламдағы сопылық бағыт жəне оның Қазақстанда таралуы
Аңдатпа
Мақалада исламдағы маңызды бағыттың бірі суфизмнің Қазақстанда таралуы туралы, сонымен қатар суфизм поэзиясының негізін салушы, Шығыс мұсылмандарының рухани ұстазы бола білген, мұсылман өкілдерінің ішіндегі көрнекті қайраткері, көзі тірі кезінің өзінде үлкен құрметке ие болған А. Ясауидің (1093-1166) еңбектері мен суфизмнің Қазақстанда таралуына қосқан үлесі туралы болып отыр. Қыпшақ тілінде жазылған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) бабамыздан мұраға қалған баға жетпес құнды еңбек. А. Ясауидің шəкірттері жəне суфизм ілімін ұстанушылар А. Ясауи ілімін əлемнің барлық түкпіріне таратты. Қожа Ахмат Ясауидің арқасында түркі халықтарының рухани дүниетанымында суфизм философиялық жүйе ретінде өте маңызды рөл атқарды. Түйін сөздер: ислам, суфизм, зікір, хикмет, гипноз, дін.







