Қожа Ахмет Яссауи – суфизмнің түркі бағытының негізін салушы

Авторлар

  • Nagima Baitenova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Аңдатпа

Қожа Ахмет Яссауи – суфизмнің түркі бағытының негізін салушы, ойшыл, ақын. Дүниеден қайтқан жылы ғана мəлім – 1166 ж. Бізге дейін жеткен еңбегі: Диуани Хикмет (Даналық кітабы көп жағдайда қысқартылған Хикметтер деген атаумен мəлім). Ахметтің əкесі Ибрагим Сайрамда белгілі шейх болатын. Ахметтің тұлға, ойшыл ретінде қалыптасуы Ясы қаласында басталса, (Ясы Түркістанның VI – XV ғасырлар аралығындағы ескі атауы), кейіннен Бұхараға барып, Хамаданиден тəлім-тəрбие алып, өз білімін жетілдірді. Сопы атағына ие болғаннан кейін Ясыға оралып өзінің ұлы ұстазы Арыстан баб дəстүрін əрі қарай жалғастырды. Өмірінің соңғы жылдарын жер астында өткізді. Ахмет Яссауиге Ақсақ Темірдің тікелей ұйғарымымен жəне жоспарымен жасалған «Хазреті сұлтан» кесенесі (ханака деген атпен мəлім) ортағасырлық Қазақстан архитектурасының ескерткіші. Қожа Ахмет Яссауи – өмірдің мəнін айқындауға арналған сопылық ойдың дамуына ерекше үлес қосқан ойшыл. Қожа Ахмет Яссауидің пікірі бойынша, Аллах бар жерде жəне барлығында. Қожа Ахмет Яссауидің түйіндегені, əрбір адамның бойында өзін өзі жетілдіруге мүмкіндігі бар. Адам өз өмірінің шынайы мəн-мағынасын түсіну үшін Алла адамға бостандық берген. Түйін сөздер: Ахмет Яссауи, сопылық ілім, сопылық əдебиет, сопылық орден, шариғат.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-22