Шәкәрімнің «мұсылмандық кітабы» еңбегінің ХХ ғасыр басындағы қазақтың саяси-әлеуметтік дамуына әсері

Авторлар

  • Smagulov N.A. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v74.i4.09
        78 213

Аннотация

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық кітабы» еңбегі ХХ ғасырдың басында Ислам
шариғатының ең негізгі үш ілімі «ақида» (Ислам сенімі), «фиқһ» (Ислам құқығы), «ахлақ» (Ислам
тәрбиесі) тақырыптарын қамтитын, қазақ тілінде жазылған алғашқы еңбектердің бірі болып
есептеледі. Аталмыш еңбектің жазылуы қазақ халқының басынан өткен ең қиын кезеңдердің
біріне сай келді. Сол кездегі қазақ халқының саяси және әлеуметтік жағдайы құлдырау үстінде
болды. Оның себебі сол кездегі патша өкіметінің Қазақ даласын басқару үшін халықты дінінен,
тілінен алыстату арқылы жүргізген шоқындыру саясаты мен белең алған сауатсыздық. Әрине
Ислам шариғатына қатысты еңбектің дәл осы уақыттарда жарық көруі бекер емесі анық.
Бұл еңбектің жазылу себебі сол кездегі халықтың саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани
жағдайынан туындап отырғаны белгілі. Осы кезде біздің тақырыптың зерттелу маңыздылығы
байқалады.
Мақаланың негізгі мақсаты «Мұсылмандық кітабы» еңбегінің жазылу себептерін зерттеу
арқылы қазақ халқының дамуына қосқан үлесін анықтау. Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының
«Мұсылмандық кітабы» еңбегінің тарихы мен жазылу себептері зерттелді. Аталмыш еңбектің
қазақ халқы үшін маңызды болған тұстары қарастырылды. Зерттеу барысында осы тақырыпқа
қатысты жиналған тарихи деректер, мұрағаттар, мақалаларға мазмұндық және тақырыптық
талдаулар жасалынды. Зерттеу мақсатына жету үшін декомпозиция, селекция, герменевтика,
сипаттау әдістері қолданды. Бұл мақала осы тақырыпқа ұқсас зерттеу жұмыстарының жүргізілу
барысында дәлелдер мен мағлұматтардың жииналуына себеп болуымен маңызды.
Түйін сөздер: Шәкәрім, отаршылдық, саясат, дін, қазақ, даму, әсер.

Жүктелулер

Как цитировать

N.A., S. (2021). Шәкәрімнің «мұсылмандық кітабы» еңбегінің ХХ ғасыр басындағы қазақтың саяси-әлеуметтік дамуына әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 74(4), 94–106. https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v74.i4.09