Заманауи жастардың рухани құндылықтарын бағалауы

Авторлар

  • K. A. Biyazdykova Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Қазақ мəдениетіндегі қалыптасқан рухани құндылықтарды үйлесімділік пен ынтымақтастық тың ерекше белгісі дейміз. Қай заманда, қай халықта болмасын адам болмысындағы құндылықтар тақырыбы – аса өзекті мəселе, адам бойындағы рухани құндылықтар жүйесі – сол елдің дүние – танымының бейнесі. Қазақ мəдениеті мен ислам дінінде жатқан құнды идеяларды ортақ мəмілеге келтіре, қазақ елінің өркениетті қалыптасуына мəнді ақпараттар ұсынылады. Қазақ халқының ұлттық əдеп жүйесіндегі адамдық қарым-қатынастар, адамгершілік қасиеттер, рухани құндылықтар, мұраттар өзіндік мазмұны терең, халықтың рухани ізденістерінен туған қазына болып табылады. Қазақ мəдениетіндегі баға жетпес құндылықтар мен философиялық ойлар поэзия тілінде жатыр, сондықтан осы идеяларды түсіну үшін жүйелеу жəне жалпылық талдау арқылы ғана қазіргі жастардың рухани құндылықтарымен мəдениеті дамиды. Түйін сөздер: құндылықтар, тəрбие, гуманизм, дəстүр, жаңалық, жауапкершілік.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-20