Электрондық мемлекеттік қызметтер және сыбайлас жемқорлық тәуекелі: арақатынас

Авторлар

  • Sheryazdanova G.R. Казахский агротехнического университет им. С. Сейфуллина
  • Abdildina H.S. Казахский агротехнического университет им. С. Сейфуллина

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v72.i2.12
        69 74

Аннотация

Ұсынылған мақала сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралы ретінде электрондық үкімет тақырыбының жалғасы. Сыбайлас жемқорлық, өкінішке орай, Қазақстанда терең тамыр жайған құбылыс және онымен күресу бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Азаматтардың Интернет арқылы мемлекеттік органдарымен тікелей байланысуына мүмкіндік беретін электронды үкімет – шенеуніктермен байланысын болдырмайды, осылайша олардың лицензиялау функциясы мен сыбайлас жемқорлықтың қаупін азайтады да ашықтық пен есеп беруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электронды байланыс азаматтармен мемлекет арасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік беретін азаматтармен үкіметпен әкімшілік арасында көлденең байланыс орната отырып, басқарудың иерархиялық жүйесінен желіге ауысуды қамтиды. Электрондық үкімет – бұл дәстүрлі, қағаз жүзіндегі, бюрократиялық парадигманы алмастыратын мемлекеттік басқарудың жаңа парадигмасы. Жалпы, электрондық үкіметтің дамуы әлеуметтік-саяси жаңғырудың және елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Қазақстан – Орталық Азия мен ТМД-да электрондық үкіметті дамытудың танымал көшбасшысы. Мақаланың мақсаты – Эстония мен Грузия мысалында электрондық үкіметтің дамуын салыстырмалы талдау, сондайақ электрондық үкіметтің функцияларын кеңейтумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту арасындағы байланысты қарастыру.

Жүктелулер

Как цитировать

G.R., S., & H.S., A. (2020). Электрондық мемлекеттік қызметтер және сыбайлас жемқорлық тәуекелі: арақатынас. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 72(2), 109–119. https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v72.i2.12