Алматы музейлерінің үлгілері және халықтың мәдени мұрасын сақтау мен трансляциялаудағы рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v72.i2.06Аннотация
Мәдени зерттеулердің кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі – қазіргі қазақстандық қоғамдағы
мәдени мұраны сақтаудағы музейлердің үлгілерін анықтау. Бұл теориялық және әдіснамалық
міндет кейбір елдерде ХХ ғасырдың бірқатар тарихи оқиғаларына қатысты мәдени-тарихи есті
сыни тұрғыдан теріске шығару мен әсіресе ұмытудың белгілі бір мерзімге негативті формасының
пайда болу жағдайында және оны қайта түсіндіру әрекетінен туындады.
Бұл мақалада авторлар музей үлгілерін және халықтың мәдени мұрасын сақтау және
трансляциялаудағы рөлін тарихи және мәдени естің институционалды нысаны ретінде негіздеу
міндетін қойды. Бұл теориялық міндетті мәдениеттанулық жоспарда зерттеудің қажеттілігі
көптеген әлеуметтік-мәдени факторларға байланысты. Оның ішінде қазақстандық қоғамды
жаңғыртудың күрделі үрдісін атап өту керек. Осыған байланысты, Алматы музейлерінің
модельдерін анықтау халықтың институционалды мәдени есін зерделеуші ретінде, жинақталған
жұмыс тәжірибесін түсіну біржақты міндетке айналып, қазақстандық қоғамды модернизациялау
және мультимедиялық технологиялардың рөлін арттыру жағдайында отандық мәдени мұраны
жаңа үлгіде ұсынудың жолдарын айқындау міндеті тұрды.
Мақала авторының ойынша қалыптасқан музей үлгілері қазіргі заманғы үрдістеріне толықтай
жауап беріп, келушілердің бос уақытын тиімді өткізудің маңызды баламасына айнала алады.
Түйін сөздер: мәдени мұра, мәдени ес, тарихи ес, музей, Алматы музейі, музей жұмысы,
музейлердің функциялары, музей модельдері.