Ұлттық құндылықтарымызға негізделген бренд экономикамыздың басты тірегі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v69.i3.06Аннотация
Бұл мақалада ұлттық құндылықтарымызға негізделген бренд мәселелері көтеріліп, олардың қоғам өміріне тигізер әсері қарастырылған. Бренд ұғымы экономикаға тікелей қатысты термин болғанымен мәдениеттану тұрғысынан философияға бай, жаһандану үдерісінде ұлттың нарыққа сай болмысын анықтауда мазмұны тереңде жатырған ұғым болмақ. Экономикадан, саясаттан, мәдениеттен, әлеуметтік хал-ахуалдан, соған байланысты орын алған әлеуметтік қатынастардан жоғары деңгейді көрсетіп отырған кез келген мемлекет бүгінгі таңда бренд мәселесіне басты назарын аударуда. Сондай-ақ, бренд мәселесі тек экономикалық капиталдың өсуіне ғана емес, сонымен қатар мәдениет капиталының өсуінеде тікелей өз ықпалын тигізетіндігін автор жанжақты ашып көрсетеді. Ал, мәдени капиталдың өсуі дегеніміз – ол, әрбір жеке индивидтің қоғамымызда демократиялық құндылықтарды дамытуға тікелей атсалысып, қазіргі нарықтың басты сұранысы адами ресурсты арттыру болып саналады. Қазіргі қоғамымыздың басты талабыда осы, яғни жаңа технологиялар мен ақпараттар ағымын игеру үшін әрбір саналы жеке индивид жоғары интеллектуалды қабілетте болуы тиіс. Сондықтанда, біз сияқты шикізатқа бай мелекеттердің ең басты ұстанымы ұлттық құндылықтарға негізделген бренд болғанда ғана қоғамдағы орын алып отырған жемқорлық, жауапкершіліксіздік, немқұрайлық тәрізді және т.б. ұлттық құндылықтарымызға жат мінез-құлықтар азайып, мәдени капиталдың экономикалық капиталымызға сай өсуі орын алатындығын қарастырады.
Түйін сөздер: Бренд, ұлттық құндылық, мәдени капитал, тектілік, географиялық кеңістік, әлеуметтік кеңістік, атакәсіп.