Қазақстаннан Қытайға бағытталған білім алушылар көші-қонының ерекшеліктері

Авторлар

  • S. Mussataev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • K. Sungati Ганьсу құқық және саясат университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v67.i1.018
        68 61

Аннотация

Зерттеу тақырыбы туралы кіріспе сөз. Мақала Қазақстаннан Қытайға қарай бағытталған білім алу мақсатындағы көші-қонды талдауға арналған. Автордың пікірінше, білім алу мақсатындағы көші-қонның жағымды жағымен қатар жағымсыз қырлары да бар. Бұл үдеріс әлемнің көптеген елдері үшін де, Қазақстан үшін де саяси, экономикалық, әлеуметтік және демографиялық сияқты бірнеше бағытта әсер етеді.
Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары – Қазақстаннан Қытайға бағытталған студенттер ағыны мысалында білім алу мақсатындағы халықаралық көші-қонның ерекшеліктерін зерделеу. Зерттеудің негізгі бағыттары: ҚХР қарай студенттер ағынының туындауына ықпал еткен тарихи, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-психологиялық және өзге де алғышарттарды қарастыру, халықаралық студенттік ұтқырлық жүйесінің қызмет ету ерекшеліктерін айқындау және бұл жүйедегі Қазақстаннан Қытайға бағыт алған білім алушылар ағынының рөлін анықтау; Қазақстандағы студенттердің қытайлық оқу орындарына түсуіне қолдау көрсететін делдалық ұйымдардың қызметін саралау; ҚР студенттерін ҚХР күтіп алып орналастыратын институттарды талдау, Қытайдағы қазақстандық студенттердің әлеуметтік желілер қалыптастыру үдерісін сипаттау.
Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығының қысқаша сипаттамасы. Білім алу мақсатындағы көші-қон қазіргі заманғы қоғамдағы өзекті өткір мәселелердің бірі. ҚР-дан ҚХР-ға қарай білім алу мақсатындағы көші-қоны да осы қатарда. Сондықтан да, автор осы үдерістің кейбір негізгі қырларын анықтауға тырысты, бұл мәселені зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңызы күмәнсіз.
Зерттеудің әдіснамалары салыстырмалы және жүйелі, контент және ивент талдауларға негізделген. Білім көші-қоны – бұл көп қырлы құбылыс, сондықтан көші-қонның бұл түрін зерттеу әдіс-амалдары да сан қырлы.
Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары: білім алу мақсатындағы көші-қон қатысушыларының көлемі бойынша еңбек көші-қоны мен мәжбүрлі қоныс аударудан кейінгі орынды иеленеді және әлемдегі кең ауқымды үрдіс саналады. Ол халықаралық және мемлекетішілік деңгейлерде жүре алады. Осылайша, білім алу көші-қонының экономикалық, әлеуметтік, саяси артықшылықтары оны дамытудың Қазақстанның көші-қон саясатының маңызды бөлігі екенін көрсетеді.
Жүргізілген зерттеудің құндылығы – көші-қон үдерістерін зерттеуді дамытуға үлес қосады. Әсіресе білім алу мақсатындағы көші-қон мен оның ерекшеліктерін саясаттанулық тұрғыдан талдау зерттеушілік қызығушылық тудырады.
Жұмыс қорытындыларының тәжірибелік мәні – білім көші-қоны мен халықаралық студенттік ұтқырлыққа бағыт-бағдар беретін құндылықтар мен мүдделер қандай деген зерттеушілік сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.
Түйін сөздер: халықаралық білім алу мақсатындағы көші-қон, жоғары білім, академиялық ұтқырлық, қазақ-қытай қатынастары.

Жүктелулер

Как цитировать

Mussataev, S., & Sungati, K. (2019). Қазақстаннан Қытайға бағытталған білім алушылар көші-қонының ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 67(1), 171–183. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v67.i1.018