Зайырлы мемлекет жəне дін
Аннотация
Мақалада қазіргі заманғы зайырлы мемлекет пен дін арақатынасының əлеуметтік-мəдени жəне саяси-құқықтық аспектілері қарастырылып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарды жетілдірудің жолдары сараланды. Зайырлылық ұғымының полисемантикалық табиғатына назар аударылып, оның мəдени-дүниетанымдық мəнінің де теориялық-тəжірибелік маңыздылығы айқындалды. Зайырлы мемлекеттегі діннің азаматтық қоғам институты ретіндегі орны мен маңызы жан-жақты талқыланды. Азаматтық қоғамның белсенді субъектілері ретіндегі діни бірлестіктер мен ұйымдар қызметінің құқықтық-заңнамалық негізде жүзеге асуы қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуіне зор ықпал ететіндігіне назар аударылды. Құқықтық мəдениет пен сананың діндарлар бойында тамыр жаюы, əртүрлі дүниетанымдық ұстанымдағы азаматтардың өзара түсіністігі мен тағаттылығы, өзара құрметі мен сабырлы сұхбаты – қоғамның кемелденуінің алғышарты. Зайырлы мемлекетте діни құндылықтарды ұстанатын азаматтардың құқықтарының қамтамасыз етілуі маңызды, бұл азаматтық бірегейлікті қалыптастырып, осы санаттағы азаматтардың потенциалын қоғам мен мемлекеттің дамуына жұмылдыруға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: зайырлылық, дін, діни қатынастар, зайырлы мемлекет, толеранттылық, сұқбат, мемлекеттікконфессионалдық қатынас.