Экологиялық мәдениет және қазақ халқының табиғатты қорғау құндылықтары

Авторлар

  • T. H. Gabitov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • S. M. Kaupenbaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        660 166

Аннотация

Табиғи жəне əлеуметтік өзгерістердің көп болуы жəне олардың жаһандануы адамзатты əрі қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мəселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу. Мəдениет экологиясы адам мен қоғам, адам мен табиғат жəне адам мен өркениеттің өзара тығыз қарым-қатынастағы үйлесімін реттейтін негізгі фактор жəне мəденирухани мұралармен қамтамасыз ететін мəдени антропологияның ең өзекті құбылыстарының бірі болып табылады. Қоғамның табиғатқа қатынасындағы материалдық-практикалық қызметінің түгелдей дерлік кешені экологиялық санаға нақты өзара əсер ету мəселесін одан бетер міндеттей түсті. Мақалада көшпенді қазақ халқының табиғат сырын терең ұғынып, оны қастерлей білгені баяндалады. Белгілі бір даму тарихы бар халықтардың экологиялық мəдениет туралы түсінігі терең философиялық-тарихи мағынаға ие жəне тұрақты əлеуметтік құрылымдардың атқаратын қызметін сипаттайтын тарихи үдеріс екендігі айқын əрі түсінікті. Кез келген мəдени нормалар, догматтар, аксиологиялық жүйелер, қасиетті салттар мен дəстүрлер түріндегі космологиялар қоғамды сақтап қалудың тетіктерін құрайды. Табиғатпен бірге үйлесімділіктің тепе-теңдігін қолдауға, ғарыштық əуендерге бағынышты болуына бағытталған жəне экзогендік сипат алатын экология мəдениеті əлеуметтік өмір сүрудің негізгі элементі болып табылады. Сөйтіп, ол оның тарихи дамуының жəне оны тасымалдауының қоршаған ортаға əсеріне бейімделуінің динамикасындағы қоғамның тұрақтылығын анықтайды. Түйін сөздер: мəдени құндылықтар, экологиялық мəдениет, көшпелі халық, номадтар.

Жүктелулер

Как цитировать

Gabitov, T. H., & Kaupenbaeva, S. M. (2018). Экологиялық мәдениет және қазақ халқының табиғатты қорғау құндылықтары. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 45(4), 37–45. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/786