Қырғыз еліндегі миссионерлік іс-әрекеттер және прозелитизм мәселесі

Авторлар

  • A. Adilbaev «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мəдениеті университеті
        45 59

Аннотация

1990 жылдардан бастап Орталық Азиядағы түркі тілдес республикалары егемендігін алып, жаңа кезеңге аяқ басты. Қоғамның демократияға бет алуының нəтижесінде адамдарға діни сенім жəне ар-ождан бостандығы құқы берілді. Мемлекттің еркін ойлау, дін жəне діни сенімін білдіру құқықтарын қамтамасыз етуі қоғамның көпконфессиялануына серпін берді. Плюрализм мен демократиялық принциптерді желеу етіп бұрындары Қырғызстан тарихында орын алмаған жаңа діндер мен діни ағымдар, топтар мен миссионерлер ағылып келе бастады. Әсіресе протестанттық бағыттағы христиандардың қызметтері күшейді. Миссионерлердің басым көпшілігін АҚШ, Оңтүстік Корея жəне Германия елдерінен келген азаматтар құрайды.  Бұрын ұлттық тұрғыдан мұсылман немесе православ ретінде саналған адамдардың көпшілігі күн санап солардың қатарына өте бастады. Прозелитизм мəселесі қоғамда діни негізде жанжалдардың орын алуына əкеліп соқтырды. Бұл мақалада көршілес қырғыз елінде қарқынды түрде жүргізіліп миссионерліктің таралу себептері мен қолданған тəсілдері жан-жақты қарастырылып,  оның қоғам бірлігі мен тұрақтылығына зияндылығы мен болашақтағы қатерлері жайлы сөз қозғалады. Түйін сөздер: миссионерлік, протенстанттық ұйым, ар-ождан бостандығы мен діни сенім, прозелитизм

Жүктелулер

Как цитировать

Adilbaev, A. (2018). Қырғыз еліндегі миссионерлік іс-әрекеттер және прозелитизм мәселесі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 44(3), 51–63. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/775