Әл-Фараби шығармашылығындағы дін мен философияның ортақтастығы
Аннотация
Ғылыми мақалада əл-Фараби шығармашылығындағы дін мен философияны үйлестіру мəселелері қарастырылады. Авторлар əл-Фарабидің «Екі философтың – қасиетті Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы туралы» трактатын философиялық тұрғыдан талдай отырып, ғылыми тұжырымдар жасайды. Әл-Фарабиді толғандырған Платон мен Аристотель философиясы арасындағы қайшылықтарды жойып, оларды үйлестіру, исламдық дүниетаным мен ежелгі грек философиясы арасындағы көзқарастар қайшылығын жою əрекетін көрсетеді. Бұл трактат Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығын, үйлесуін дəлелдейді. Бұл əрекет əл-Фарабидің сол замандағы философиялық бағытқа таза аристотелизмді мойындатуға тырысқанын көрсетеді. Мақалада əл-Фарабидің Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ұқсастықтары мен қатар олардың өмір сүру салтында, ісəрекеттері мен көптеген пікірлерінде қайшылықтар барлығы да айтып өтіледі. Әл-Фарабидің, Платон мен Аристотельдің философиясын сабақтастыруындағы тағы бір мақсаты – Аристотель философиясының исламдық дүниетанымға қайшы келетін тұстары айтылады. Әл-Фараби дін мен философия арасындағы байланысты үш тұрғыдан қарастыруы философия мен дінді ортақтастыру мəселесімен байланысты үндестігі көрсетіледі. Әл-Фарабидің діни-философиялық дүниетанымы философиялық тұрғыда пайымдалып, дін мен философияны, ғылымды қатар дамытқан ұлы философтың ғылыми еңбектерінің ислам ғылымының дамуына үлкен ықпал еткені ғылыми тұжырымдалып айқындалады. Әл-Фарабидің дін мен философияны үйлестіру əрекеттері пайымдалып ислам құндылықтары жалпы адамзаттық құндылықтар ретінде адамзат өркениетінде, ғылымында өзіндік рөл атқарғандығы əл-Фараби ислам дүниесінің, ислам философиясының ең биік философы екені айтылып тұжырымдалды. Түйін сөздер: исламдық дүниетаным, эманация, ислам философиясы, дін мен философия үйлесімділігі, «Қайырымды қала тұрғындары», алғашқы түрткі.