Саяси ғылымның теоретикалық-әдістемелік негіздері

Авторлар

  • А. С. Жүсіпова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. А. Кенесов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        89 81

Аннотация

Саяси ғылымның қалыптасып дамуындағы теоретиялық-əдістемелік негіздер жəне саясатты зерт- теудің амалдары саясаттанудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мақалада саясат теориясындағы саяси ғылымның алатын орны анықталады. Саяси ғылым əдістемесінің қалыптасып дамуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Саяси ғылымның теоретиялық-əдістемелік негіздерін зерттеу барысында саяси ойлар тарихындағы ғалымдардың ой-тұжырымдары маңызды болып келеді. Солардың ішінде Аристотель, Платон, Макиавелли жəне АҚШ, Еуропа ғалымдарын теоретиялықəдістемелік амалдары саяси шынайылықты түсініп ұғынуға үлкен ықпалын тигізді. Саяси ғылымның теоретиялық-əдістемелік негіздерінің зерттелуі саяси аңыз бен саяси өмірдің арақатынасын түсінуге мүмкіндік берді. Саяси ғылымның жалпыға ортақ теоретиялық-əдістемелік негіздері жоқ екендігі көрсетілді. Саяси ғылымның теоретиялық-əдістемелік өлшемдері көптеген мəселелерді анықтауда маңызды орын алады. Қазақстандық саяси ғылымда, саясаттанудың теоретиялық-əдістемелік негіздеріне аз көңіл бөлетіндігі анықталды. Отандық саяси ғылымның даму бағыттары анықталып, оның мəселелері талданды. Түйін сөздер: Саяси ғылым, теоретиялық-əдістемелік, концепция, амал, теория.

Жүктелулер

Как цитировать

Жүсіпова, А. С., & Кенесов, А. А. (2018). Саяси ғылымның теоретикалық-әдістемелік негіздері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 43(2), 111–117. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/617