Ханафи Мазһабының қалыптасуы мен ілімдік ерекшелігі

Авторлар

  • С. У. Абжалов
        119 95

Аннотация

Қазақстанда тəуелсіздік жылдарында қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер орын алды. Көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуі мемлекеттің халықаралық деңгейде бəсекеге қабілетті екендігін дəлелдеді. Өзгерістер рухани салаға да өз əсерін тигізді. Ұмыт болған дəстүрлер мен рухани мұралар қайта жаңғырып, ғылыми зерттеу нысанына алынды. Дегенмен, күрделі мəселелер жоқ деп айту ерте. Жалпыға белгілі, республикадағы діни жағдай күрделі, бұл жағдайға қоғам тарапынан жəне ғалымдар тарапынан алаңдаушылық туындауда. Тарихи тұрғыдан Қазақстан мұсылмандары сунниттік исламдағы ханафи мазһабын ұстанып келеді. Бұл бағыт өзінің жергілікті салт-дəстүр мен əдет-ғұрып нормаларына төзімділігімен ерекшеленеді, сондай-ақ қалыптасқан əлеуметтік қатынастарды есепке алып, санасатын мазһаб. Ханафи мазһабының дəстүрлі діни философиялық тұғырларын аша отырып, біз халық руханилығының тереңдеріне бойлай аламыз жəне əлеуметтік, рухани өмірдегі құбылыстарды дұрыс түсінуге қол жеткіземіз. Ханафи мазһабы тек исламдағы жетекші құқықтық мектеп қана емес, сонымен бірге осы мазһабтың өкілдері «ақида» мəселелерін түсіндіру арқылы сунниттік кəламның қалыптасып жүйеленуіне өз үлестерін қосқан. Ханафиттік ақидалық көзқарастарды Имам Матуриди жəне оның ізбасарлары жалғастырып, одан əрі дамытқан. Түйін сөздер: Әбу ханифа, мазһаб, ижтиһад, кəлам, сунна, ақида.

Жүктелулер

Как цитировать

Абжалов, С. У. (2018). Ханафи Мазһабының қалыптасуы мен ілімдік ерекшелігі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 43(2), 85–94. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/614