Қажы Бекташтың моральдық-этикалық көзқарастарының қазақ философиясы тарихындағы орны

Авторлар

  • Ж. Е. Нурматов Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • М. М. Мырзабеков Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
        49 37

Аннотация

Анадолыда түркілік мұсылмандық ілімді насихаттаған Қажы Бекташ ілімі мен Атамекенде ар ілімін дәріптеген қазақтың діни ойшылдары арасында сабақтастық сақталған. Қажы Бекташ пен қазақ ойшылдары өмір сүрген кеңістік пен уақыт екі басқа болғанымен олардың сусындаған ілім бұлағы бір. Ол – Ахмет Ясауи ілімі, одан ары әл-Фарабиге барып тіреледі. Осыған байланысты Ахмет Ясауи «Әзірет Сұлтан», «Әулиелердің сұлтаны» деп аталса, әл-Фараби әлемнің екінші ұстазы болса керек. Ясауи іліміне сәйкес Қажы Бекташ та, Абай да, Шәкәрім мен басқа да қазақ ойшылдары адамға, оның ішкі ар тазалығына, рухани, моралдық-этикалық кемелденуіне аса мән берген. Себебі, адамдықтың мәні мансапта да, байлықта да емес, ол жоғары адамгершілік қасиетте, жүрек тазалығында жатыр. Осыған орай, Абай өзінің басты өсиеттерінде адам болуға ерекше мән берген. Себебі адам – мына әлемнің өзегі және мәнісі. Ал адамның өзегі жүрегінде жатыр. Демек Қажы Бекташ пен қазақ діни ойшылдары ілімінде адамдық ол жүрек тазалығында, рухани кемелденуінде жатыр. Ал кемелдік пен рухани тазалық сабырлық, адалдық, кішіпейілдік, кешірімділік, бауырмалдық сияқты моральдық-этикалық тұрғыда рухани өрлеуде жатыр.
Түйін сөздер: Анадолы, Атамекен, иман, сопылық, құдай, ахлақ, ар.

Жүктелулер

Как цитировать

Нурматов, Ж. Е., & Мырзабеков, М. М. (2018). Қажы Бекташтың моральдық-этикалық көзқарастарының қазақ философиясы тарихындағы орны. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 60(2), 46–57. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/512