Қазақтардың Орынбор мүфтилігіне қаратылуы және мұсылмандық басқару жүйесінің дамуы
Аннотация
Автордың бұл мaқaлaсындa патшалық Ресей тарапынан құрылған Орынбор мүфтилігінің XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы қызметіне талдау жaсaлынғaн. Қазақстан аумағындағы мұсылмандық басқарудың тарихын талдауда аталмыш кезеңнің мәні мен алатын орны зор. Бұл кезең қазақ даласында саяси-әлеуметтік өзгерістерге толы болды. Ал Орынбор мүфтилігі патша әкімдігі тарапынан жасалған өзгерістердің орын алуына ықпал еткен негізгі құрылым болып табылады. Алайда, осындай ықпалды құрылым болып табылатын Орынбор мүфтилігінің қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси ықпалы жайлы толыққанды зерттеулер аз. Зерттеу барысында патша әкімдігінің Орынбор мүфтилігін құруға түрткі болған бірнеше себептері көрсетілді. Орынбор мүфтилігінің қызметін талдау арқылы автор мұсылман халықтарының, соның ішінде қазақтардың Ресей империясының әкімшілік басқару жүйесіне бейімделу үрдісін кезең-кезеңімен ашып көрсетеді. Мұсылмандық басқару жүйесінің патшалық Ресейлік үлгісінің дамуы барысындағы қазақ қоғамына кері немесе оң әсерлері тарихи- логикалық әдіс негізінде сараланды. Әсіресе, патшалық биліктің ықпалымен мүфтияттың діни қызметкерлерді іріктеу талаптарын саралай келе осы кезең қазақ қоғамында ханафи мазһабының дамуына оң әсер еткенімен, билік талаптарына сай келмеген дін қайраткерлерінің қызметіне шектеу қойылғандығы дәйектелді. Православие дініне басымдылық берумен қоса, Ресей империясы Орынбор мүфтилігін құрып, мұсылмандық басқару жүйесін дамытты. Нәтижеде империяға бағынышты мұсылмандардың зайырлы мемлекеттік басқару жүйесіне біртіндеп бейімделу үрдісі күшейе түсті.Жүктелулер
Как цитировать
Мирзагелдиев, Б. А., Керим, Ш. Т., & Рашимбетов, Р. Т. (2018). Қазақтардың Орынбор мүфтилігіне қаратылуы және мұсылмандық басқару жүйесінің дамуы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 64(2), 117–127. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/469
Шығарылым
Бөлім
ПОЛИТОЛОГИЯ