Секуляризация және постсекуляризация үдерістерінің діни кеңістіктегі рөлі
Аннотация
Бұл мақалада қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отырған постсекуляризация ұғымын қарастырамыз. Постсекулярлы қоғам термині неміс ғалымы Ю. Хабермастың еңбегінің жарық көруімен байланысты кең қолданысқа ие бола бастады. Постсекулярлы термині адамдар өміріндегі діннің ролінің күшеюімен байланыстырылады. Хабермастың айтуы бойынша бұл ұғымды тек секуляризацияны бастан өткерген қоғамға ғана қолдануға болады. Кейбір дінтанушылар постсекулярлы қоғамды секулярлы қоғамнан кейін жүретін адамзат өміріндегі жаңа кезең деп есептейді. Ал басқалары оған секулярлы идеологияның бір бөлшегі ретінде қарайды. Бұл көзқарасқа дін мен зайырлы өмірдің арасындағы сұхбат тән. Бұл жағдайда діни институттар мен қауымдастықтардың ролі жоғарылайды. Қазақстандық дінтануда постсекулярлық мәселесіне арналған зерттеулердің аздығы жайлы айта кеткен жөн.
Түйін сөздер: постсекулярлы, десекуляризация, десакрализация, постмодерн, секуляризация, интеграция, дезинтеграция, конфессия, плюрализм, діндарлық, атеизм, квазидін, псевдодін.