«Өзектілік» философиясы және оның гуманитарлық пәндерді оқытудағы өзектілігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.01
        186 134

Аннотация

Барлық алдыңғы революциялар сияқты Төртінші өнеркәсіптік революция адамзаттың көз алдындағы Барлық алдыңғы революциялар сияқты Төртінші өнеркәсіптік революция адамзаттың көз алдындағы әлемнің таныс бейнесін тез өзгертті. «Өндіріс», «тұтыну», «қызмет көрсету» салаларындағы цифрландыру үрдісі әлемдік еңбек нарығындағы түбегейлі өзгерістерге әкелді. Бұл өзгерістер салалардың цифрландыруға қосқан немесе қосатын үлес салмағы арқылы өлшеу және бағалау қажеттілігін тудырды. Осы сәтте «Гуманитарлық ғылымдар цифрлық дәуірге қандай үлес қоса алады?» деген орынды сауал туындап,  өнеркәсіптік революцияны жасаушы және дамытушы тек жаратылыстану ғылымдары деген сыңаржақ пікірге алып келді.  Қазіргі таңда әлемдегі заманауи  ғылыми-зерттеу университеттердің әрекеттері жаратылыстану ғылымдары құрметті орынға ие, ал гуманитарлық ғылымдар оның көлеңкесінде қалғандай әсерде. Мақалада ықпал мен беделге сүйенген академиялық білім аясындағы кереғар жағдаяттар тақыланып «философия» пәнін оқытудың өзектілігі қарастырылады. Авторлар философия қолында әлемді де адамды да әп-сәтте өзгертетін «идея» атты тегеурінді қаруы бар деген түсінікке жүгіне отырып, оны оқытудың жаңа қырларын қарастырады және бірқатар практикалық ұсыныстар жасайды.

Мақала авторлары әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді, әсіресе философияны оқыту саласындағы өз  тәжірибелерін негізге ала отырып, аталған пәндердің үйретуі тиіс басты технология – қоғамды оның өзектілігіне сендіру технологиясы деп есептейді. Өз көзқарастарын дәлелдеу және мәселенің өзектілігін айқындау мақсатында авторлар «смарт» әдісін ұтымды пайдаланады.  Сонымен қатар, зерттеу барысында жүйелік талдау, әлеуметтік-мәдени әдістер мен тарихи  пәнаралық тәсілдер қолданылды және  философиялық пәндердің негізгі функцияларын анықтау ұмтылысы орын алады.

Мақаланың «Өзектілік» философиясы деп аталуының өзі авторлар тарапынан батылдық пен жаңашылдықтың лебін сездіреді. Философияның өзектілігі туралы қарастырған ғалымдар қатары баршылық, алайда оның арнайы «өзектілік» философиясы ретінде ерекшеленуі және негізделуі өзгеше ыңғайды білдіріп тұр.

Түйін сөздер: Өзектілік философиясы, гуманитарлық пәндер, философия пәні, философиялық білім, индустрия 4.0, смарт технологиясы, цифрландыру. 

Жүктелулер

Как цитировать

Нұрадин, Г., Аккулиева, А., & Құранбек, Ә. . (2024). «Өзектілік» философиясы және оның гуманитарлық пәндерді оқытудағы өзектілігі . ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 87(1). https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.01