К. Ясперстің экзистенциалды байланыс тұжырымдамасы және М. Батхиннің диалогтық персонализмі: салыстармалы талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.86.i4.08Аннотация
Аннотация: Бұл мақалада компаративистік талдау әдісін қолдану арқылы байланыс мәселесін зерттеуге арналған ХХ ғасырдың екі танымал философиялық тұжырымдамалары қарастырылған. Автор өзара әрекеттесу негізінде дамыған Карл Ясперс пен Михаил Бахтин философиясындағы коммуникативті бағыттарды зерттейді. Қазіргі заманғы персонализм, аксиология және философиялық антропология диалогтық мәселемен тығыз байланысты, ол қазіргі дәуірде ерекше өзекті болып табылады, онда бір уақытта қарама-қайшы бірлік пен алауыздық ұғымдары басым болады. Бір жағынан, біз бір-бірімізбен технологиялық инструментарийлердің бірыңғай торабымен «байланыстымыз», екінші жағынан – нақты өмір жағдайында бөлінгенбіз. Адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынасты қамтитын рационалистік қоғам деп аталатын ортада адалдық пен өзара түсіністік сияқты қағидалар өз орнын таба алмайды. Адамдар арасындағы мәңгілік байланыстар, эгоцентризм қарқынды түрде маңызды бола бастаған кезде жоғалады. Сондықтан К. Ясперстің экзистенциалды байланыс тұжырымдамасы және М. Бахтиннің диалогтық персонализмі қазіргі әлем үшін өзекті және маңызды болып қала береді. ХХ ғасырдың кейбір ұлы философтары өз зерттеулерінде шынайы қарым-қатынас пен адамдар арасындағы шынайы диалогты табуға тырысқан болатын.
Түйін сөздер: коммуникация, ақыл- ой, тұлға, сана, экзистенция, адам, диалог.