ҚР саяси институттарының трансформациясы жағдайында саяси партиялардың сайлауға қатысу ерекшелігі: жаңа тәжірибе (Мәжіліс сайлауы 2023.19.03.)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/10.26577/jpcp.2023.v.85.i3.011
        243 121

Аннотация

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы күрделі саяси трансформациялануы жағдайында барлық саяси интситуттар құрылымы реформаланып жаңару үстінде. Бұл процесс Қазақстанның саяси құрылымының инклюзивті жағдайда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Яғни, жүріп жатқан өзгерістер Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарынан бергі саяси бағытындағы кемшіліктерді бағалап, болашақ дамуының мүмкіндіктерін анықтайды. Саяси трансформация 2022 жылғы өткізілген референдумға байланысты жаңа кезеңге аяқ басты. Конституциядағы басым өзгерістер сайлау жүйесіне қатысты. Саяси биліктің қалыптасуы мен жүргізілуіне байланысты өзгерістер міндетті түрде саяси партиялардың қызметіне қатысты болатыны белгілі. Себебі, азаматтық қоғамдағы биліктің шешімдерін бақылап отыратын маңызды институт саяси партиялар. Олардың қызметін сайлау процесінен бөлек қарау мүмкін емес. Сондықтан осы мақалада жаңа өзгерістерге байланысты соңғы мәжіліс сайлауына қатысқан саяси партиялардың жаңа тәжірибесі талданады. Саяси институттарға қатысты заңнамалық-құқықтық  реформаларға сүйене отырып, жаңаша, өзіндік ерешелігімен, өзінің артықшылықтарымен бірге кемшіліктеріне ие болған ҚР Парламентінің Мәжіліс сайлауын саяси ғылымдар тұрғысынан талдап, ғылыми баға беру маңызды. Осы мақсатта қоғамның дамуында саяси институттардың трансформациялануы жағдайында жүргізіліп отырған Мәжіліс сайлауының барысы мен қорытындысын талдап, бағалау үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясының статистикалық мәліметтері, әлеуметтік желілерге мониторинг, саяси партиялардың сайттарына контент жүргізілді. Алынған зерттеудің нәтижесі ғылыми қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарынан бері өткізіліп келе жатқан сайлаулардан ерекшелігі анықталып, өзіндік тәжірибесі көрсетілді.

Кілт сөздер: Сайлау, саяси партиялар, саяси институттар, трансформация, реформа, Орталық сайлау комиссиясы, заңнама, Парламент, Мәжіліс сайлауы

 

Жүктелулер

Как цитировать

Mansurov А., Janpeyisova, Q., & Nuralina, B. (2023). ҚР саяси институттарының трансформациясы жағдайында саяси партиялардың сайлауға қатысу ерекшелігі: жаңа тәжірибе (Мәжіліс сайлауы 2023.19.03.). ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 85(3). https://doi.org/10.26577/10.26577/jpcp.2023.v.85.i3.011