Қазақстандағы көші-қон саясатының жаңа белесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.07
        148 106

Аннотация

Елімізде көші-қон мәселесі өте өзекті тақырыптардың бірі.  Әсіресе халқы тығыз орналасқан аймақтан солтүстікке көшіру саясаты ақсап тұр. Ресми деректерге сүйенсек, 2012 жылдан бері елімізге екі жүз мыңға жуық адам көшіп келсе, керісінше көшіп кеткендер саны төрт жүз мыңға жуық адам, яғни екі есе көп.

Ішкі көші-қон жағдайыда көңіл көншітпейді, себебі солтүстік өңірлерде адам саны азайып барады, ауылдарда адам аз, білім ошақтары жабылу үстінде тұрса, уақыт өте еліміздің оңтүстік  облыстарында кері процесс – тұрғындар тоқтаусыз өсу үстінде. Бұның салдары – жұмыссыздыңтың кең етек алуына, баспана мәселесіне, мектептердегі үш ауысымдыққа, балабақшаның жетіспеушілігіне, үлкен бәсекелестікке, сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғады.

Статистикаға сәйкес, 2050 жылға қарай елдің солтүстігіндегі халық саны 600 мың адамға азаяды, ал елдің оңтүстігіндегі халық саны 1,6 миллион адамға өседі. Оңтүстік өңірлердегі халық тығыздығы солтүстіктегі адамдар орналасуының тығыздығынан төрт есеге асып түсетіні шындыққа айналып келеді.

Мұндай аймақаралық теңсіздікті тоқтату үшін ел үкіметі алдымен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекітті және 5 жыл ішінде Оңтүстікті солтүстікке көшіруге тырысты. Бұл бағдарлама күтілетін нәтиже бермесе де, ішкі көші-қонның оң және теріс жақтарын ажырата отырып, ішкі көші-қонның дұрыс бағытта жандануына ықпал етті.

2022 жылы жаңадан «Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба іске қосылды. Бұған дейінгі бағдарлама барысының кем тұстары айқындалған соң, енді қоныстанушыларға тың мүмкіндіктер, жаңа жеңілдіктер берілетін болды. Мақала авторлары мемлекеттің осы бастамаларын талдайды және осындай аймақаралық диспропорцияның пайда болуының алғышарты болған оқиғаларға тоқталады. Сонымен қатар, көші-қон саясатын жақсарту үшін әлі қандай шаралар қабылдау керектігі талданып, бірқатар шешімдер ұсынылады.

Түйін сөздер: демография, Қазақстандағы көші-қон, халық саны, жалпыұлттық мүдде, диспропорция,  «Көші-қон саясатының тұжырымдамасы», еңбек биржасы, ішкі миграция.

Жүктелулер

Как цитировать

Ықылас, М. ., & Габдулина, Б. (2024). Қазақстандағы көші-қон саясатының жаңа белесі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 87(1). https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.07