ҚЫТАЙДЫҢ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ ҚЫТАЙЛЫҚ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІҢ РУХАНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.8Аннотация
Аннотация: Қытай бес мың жылдық тарихы бар ең көне өркениеттің бірі. Қытай мәдениеті мыңдаған жылдар бойы өзгермеген материалдық және рухани құндылықтарының байлығымен ерекшеленеді. Сырттан келген ықпал мен жаулап алуларға қарамастан, Қытай мәдениеті өзіндік ерекшелігін сақтап қала алды. Адамзат тарихындағы жетістіктердің көп бөлігі Қытай өркениетінен бастау алады. Мысал ретінде, қағаз, мылтық, тіпті Шығыс пен Батысты байланыстырушы өзіндік көпір болған Ұлы Жібек жолы да осы жерден бастау алады. Қытай мәдениетінің қалыптасуында орасан зор рөл атқарған Ұлы Жібек жолы, себебі бддизм Қытайға сол арқылы жеткен еді.Қытайдың дәстүрлі мәдениеті бай және бірегей қытайлық басқару мәдениетін қалыптастырды, сонымен қатар Қытай мәдениеті әлемдік мәдениеттің дамуына зор үлесін тигізді.Мақалада басқару мәдениетінің рухани негізі болып табылатын ежелгі қытай философиясының ережелері жан-жақты талданады. Заманауи Қытай ғалымдарының жұмыстарына сілтеме жасай отырып, дәстүрлі қытай мәдениетінің сипатталған принциптері қазіргі Қытай корпоративті мәдениетінде қалай қолданылатыны зерттеледі. Бұл зерттеу негізгі құндылық бағдар – дәстүрлі қытай мәдениеті мен конфуцийшілдік әсерінен қазіргі Қытайдағы корпоративтік мәдениеттің ерекше белгілерін анықтауға бағытталған.
Кілт сөздер: корпоративтік мәдениет, дәстүрлі мәдениет, ежелгі қытай философиясы, конфуцийлік көпестер, корпоративтік мәдениет принциптері, Қытай.