ФИЛОСОФИЯДАҒЫ ҰРПАҚ ЖӘНЕ УАҚЫТ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ӘДЕТТЕГІ САНА
Әлеуметтік философия
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v81.i3.04Аннотация
Мақалада ұрпақ ұғымы адам өмірлік іс-әрекеттілігінің атрибуты ретінде қарастырылды. Мақаланы дайындау барысында философия ғылымының негізін салушылардың бірі Сократтың, Аристотельдің, неміс философиясының өкілдері И. Канттың және А. Шопенгауэрдің ұрпақ туралы, оның уақыттағы орыны мен қызметі туралы ойлары зерттелді. Атап айтқанда Аристотель адам тегін толассыз қозғалыстағы мәнді тіршілік иесі ретінде қарастырады. Бұл қозғалыстың өлшемі адамның өз уақытын анықтауы құрайды. Оны Аристотель әрі биологиялық, әрі қоғамдық бағыттарда зерттейді. Бұл адамның тегін, ұрпағын уақыттың өткені мен қазіргілігінде зерттеу бағыты И. Канттың, А. Шопенгауэрдің еңбектерінде кездеседі. Қозғалыстың мақсаты белгілі бір кеңістікте адамды құндылықтық, саяси, азаматтық тәрбиелеу арқылы қоғамдық өзгеруге қол жеткізу. Қазіргі заманғы адамның өзінің ішкі уақытын түйсініп, оны қоғамдық қызметпен байланыстыруда сыртқы объективті жағдайдың, үрдістің, жағдайдың қысымы басым болып отыр. Бұл қысым жастардың қоғамда өзін өзін ұғынуда мақсаттарының өзгеруінің себебіне айналды. Нәтижесінде мұндай әлеуметтік күтілімдерден мемлекет зардап шегуі мүмкін. Осындай үрдістердің салдарынан ұрпақтың өзінің болашағын бағалауы әлсіз және қазіргі ұрпақтың уақыттағы бағалануы өз мәнін жоғалтып алуда. И. Кант ұрпақтың мәнін мақсатты көпшілік және өзінің болашағына көрегендік, данышпандық деп анықтайды. А. Шопенгауэрде ұрпақ қоғамның тарихи санасын қазіргілікке және болашаққа трансформациялайтын буын.