«Мәдени жарақат» – әлеуметтік өзгерістерді зерттеу тәсілі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v80.i2.08Аннотация
Мақалада батыстық мәдени жарақат идеясының концептуализациясы, теориялық-әдіснамалық негіздері талданады. Нил Джозеф Сме́лзер, Пётр Што́мпка, Дже́ффри Чарльз Алекса́ндер ұсынған мәдени жарақат идеясының концептуализациясына шолу жасалады. Мәдени жарақат концепциясын талдау бірқатар прагматикалық әлеуетке қол жеткізуге мүмкіндіктер ашатыны: батыстық гуманитарлық және қоғамдық зерттеулерде мәдени жарақат мәселесі жаңа парадигмалық пәнге айналғаны; мәдени жарақат концепциясын интеллектуалды талқылаудың мәні – мәдениеттің өзіндік рефлексиясын сипаттаумен маңызды екені; мәдени жарақат концепциясының әмбебаптығы – әлеуметтік құбылысты философиялық рефлексиялау қызметінде көрініс табатыны және эмпирикалық проблемаларға қатысты жаңаша көзқарастар қалыптастыруға мүмкіндіктер ашатыны; кейінгі қоғамдық зерттеулер жарақатты әлеуметтік талдаудың пәні негізінде перспективаларын анықтағаны; жарақат пәнаралық және мәдениетаралық мәселе екені; локалды қауымдастықтардың жүріс-тұрыс динамикасын жаңадан зерттеуге, өткен күннің сабақтарын рәміздік құрылымдау механизмдерін ұғынуға және оларды игерудің тәсілдерін анықтауға мүмкіндіктер ашатыны; ғылыми концепция ретінде мәдени жарақат әлемнің батыстық емес қоғамдық құрылыстарында қолданыла алатыны көрсетіледі.
Түйін сөздер: мәдениет, мәдени жарақат, әлеуметтік өзгерістер, Нил Джозеф Сме́лзер, Пётр Што́мпка, Дже́ффри Чарльз Алекса́ндер.