Академик Ғарифолла Есімнің «Жақсы қазақ» тұжырымдамасы хақында

Авторлар

  • S. Shamakhay Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нур-Султан қ. http://orcid.org/0000-0002-7143-0062
  • M. Sarkulova Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нур-Султан қ. http://orcid.org/0000-0002-5992-2814
  • G. Sarkulova Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті, Қазақстан, Орал қ. http://orcid.org/0000-0003-2042-0902

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v80.i2.05
        96 151

Аннотация

Еліміз соңғы он жылдықта мәдени-рухани құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртуға арналған көптеген іс-шаралар, стратегиялық бағдарламаларды іске асыруда. Әлемдік деңгейдегі түрлі  беделді жиындардың, атап айтсақ, құ­рылтайлар мен форумдар, съездер мен саммит­тер, дүниежүзілік көрме, спорттық чемпионаттар т.с.с. іс-шаралардың елімізде өткізілуі немесе ғалымдарымыздың тың жаңалықтар ашуы сияқты жетістіктері ел мәртебесін асқақтатып келеді. Бұл жетістіктер өз кезегінде елдің рухани тынысы мен дамуын байқатады. Олай болса, елдің рухани тыныс-тіршілігіне қуат беріп отыратын күш – гуманитарлық салада еңбек етіп жүрген ғалымдар мен зиялылар десек, артық айтпаған болар едік. Әсіресе, еліміздің жоғарғы білім ордаларында қызмет етіп жүрген зиялы ғалымдар жастардың білім, ілім алу жолында тынбай еңбектенумен қатар, ел болашағына қатысты мәселелерді дәйекті талқылап,  өз ұсыныстарын жолдап жататынын жиі кездестіреміз.

Сондай жаңашыл ғалымдарымыздың бірі ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің философия кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есімді атасақ болады.  Академик өзінің өмір бойы ойланып, толғанып, ізденіп келген ойларын жүйелеп, қазақ елінің мәңгі болуына негіз болатын «Жақсы Қазақ» тұжырымдамасын жасады. Бұл мақаланың мақсаты академик Ғарифолла Есімнің тұжырымдамасының  мазмұнын ашу. Ғалымның бұл тұжырымдамасында «Жақсы қазақ» түсінігі  дәреже, имидж ретінде бағалана отырып, оған жетудің сатылары (дәулет, іскерлік, дәстүр, «Қазақ қызы», сабақтастық, Жаңаша инновациялық ойлау, «Жақсы қазақ»)  ұсынылған. Тұжырымдаманың тәжірибелік маңыздылығы – оның оқу-әдістемелік жағынан пысықталып, қазіргі таңда философия, мәдениеттану оқу бағдарламасының үш деңгейі бойынша элективті пәндер ретінде оқытылуында. Сонымен қатар, тұжырымдаманың кейбір сатылары академиктің шәкірттері тарапынан докторлық ізденіс деңгейінде тереңірек зерттеліп, сәтті қорғаулар жасалуы да оның мазмұнды бағыт алғанын көрсетеді. 

Түйін сөздер: философия, мәдениет, идея, тұжырымдама, жүйе, шығармашылық, пән

Жүктелулер

Как цитировать

Shamakhay, S., Sarkulova, M., & Sarkulova, G. (2022). Академик Ғарифолла Есімнің «Жақсы қазақ» тұжырымдамасы хақында. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 80(2), 46–55. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v80.i2.05