ЗҰЛЫМДЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ ЖӘНЕ ТЕОДИКА: ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v81.i3.01
        178 190

Аннотация

Тарихи тұрғыдан көз жүгіртсек, жамандық/зұлымдық мәселесі антикалық грек философиясынан бастап, бүгінгі күнге дейін тартысып келсе де өзектілігін жоймаған. Себебі, зұлымдық адамзаттан ажырамайтын экзистенциалды феномен. Әсіресе философияның ең өзекті тақырыбы. Бұл тақырыпты зерттеген Гераклит: «жақсылық пен жамандықты бір нәрсе» - деп есептесе, Шеллинг: «жамандық, жақсылықтың ортаға шығуы үшін міндетті әрі қажетті» - деп таныды. Ибн Араби: «Құдай зұлымдыққа жаны ашығандықтан оны жаратты» - десе, Августин: «Құдай зұлымдықты жаратқан жоқ, зұлымдық ізгіліктің жоқтығы» - деп анықтама берді. Яғни, бұл тұжырымдардан байқағанымыздай ешбір философ, теолог бұл толғақты тақырыптан айналып өтпеген.

Мақалада теисттік сенім негізіне қарсы атеисттердің басты аргументтерінің бірі болған жамандық/зұлымдық мәселесі талқыланады. Зұлымдық деген не? Онтологиялық құрылымы қандай? Оны кім жаратты? Жер бетіндегі зұлымдықтарды Құдай жаратты ма, әлде зұлымдық адамның әрекетінен туындаған құбылыс па? Зұлымдық адамзатқа берілген жаза ма әлде сынақ па? сынды діни-философиялық сұрақтар тарих бойынша тартысып келсе де ортақ бір жауабын таппаған. Ұсынылып отырған мақалада зұлымдық феноменінің мазмұны мен мағынасын ашып, зұлымдық проблемасының ортаға шығу себептері мен логикалық, эвиденциялық моделдерін қарастырамыз. Сондай-ақ мақаламызда исламдық және батыстық ойлау жүйесінде әртүрлі теодика ұсынған ғалымдардың көзқарастарына сүйене отырып, зұлымдық мәселесінің дәстүрлі шешім жолдарын ортаға қоямыз.

Түйін сөздер: Зұлымдық пен ізгілік, зұлымдық және Құдай, теодицея, Құдайдың үнсіздігі.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhanykulov, N. (2022). ЗҰЛЫМДЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ ЖӘНЕ ТЕОДИКА: ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 81(3). https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v81.i3.01