Пьер Нораның «естелік орындары» тұжырымдамасы: коммеморация тәжірибелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v80.i2.09
        975 442

Аннотация

Соңғы 10-15 жылда естелік тәжірибесі мен естелік орындарының зерттелуі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар ғалымдары арасында өзекті мәселеге айналды. «Естелік орындары» ұғымын алғаш рет француз антропологы Пьер Нора ұсынған. Бұл мақалада П.Нораның Нора «Between Memory and History: Les Lieux de Mémoire» (Nora, 1999) мақалалар топтамасындағы «естелік орындары мен еске алу орындары» ұғымын талдауға әрекет жасалды. Тарихи жады мен кеңістік мәселелерін зерттей отырып, авторлар жады зерттеуінің даму шежіресін және оның «естелік орны» ұғымына әсерін қарастырады.

Естелік орындары, П.Нораның пікірінше, «уақыт өте келе және адамдардың еркі бойынша ұлттық жады мұрасының немесе адамдардың ұжымдық жадысының символдық элементіне айналған рухани және материалдық бірлік орны» (Нора, 1999: 26). Естелік орындарын құруда кеңістіктің, яғни ескерткіш орнатылатын, мемориалдық кешен салынып, мазар бой көтеретін аумақтың рөлі зор. 1970 жылдардың басында қоғамдық ғылымдарда орын алған «мәдени бұрылыс» мұны мәдени ландшафт деп атауға мүмкіндік береді.

Мәдениет пен кеңістіктің арақатынасы, кеңістікті ұйымдастырудың мағыналық сипаттамалары мәселесі өзара байланысты компоненттердің күрделі жүйесі болып табылады. Гуманитарлық білімде мәдениет пен кеңістіктің арақатынасы мәселесі негізінен мәдени ландшафт құбылысын тұтас қарастырмайтын лингвистикалық немесе антропологиялық дискурстарда зерттелді. Бұл мақалада авторлар есте сақтау орындары ұғымдарын талдай отырып, мәдени ландшафттың тарихи-мәдени жадының сақтаушысы, белгілі бір аумақтың эмоционалды капиталы ретіндегі рөлін анықтайды.

Мақала «Мәдени ландшафт: зерттеу мәселелері» тақырыбындағы диссертациялық зерттеу аясында жазылған.

Түйін сөздер: естелік орындары, мәдени ландшафт, еске алу, тарихи жады, мәдени жады, тұлға, ұмыту.

Жүктелулер

Как цитировать

Mussatayeva, F., & Yermagambetova, K. S. (2022). Пьер Нораның «естелік орындары» тұжырымдамасы: коммеморация тәжірибелері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 80(2), 92–101. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v80.i2.09