Қазіргі қазақ аудиториясындағы домбыра дискурсы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v80.i2.010Аннотация
Қазақ халқының ең кең таралған әуенді аспабы домбыра қазіргі кезде де ұлттың негізгі мәдение мұрасы. Алайда, ерте кезден сақталып келе жатқан аспаптың бүгінгі кездегі көрінісі өзгеріске түсіп отыр. Мұны, қазіргі таңдағы домбыраға қатысты қайшылықты пікірлердің көбеюінен байқауға болады. Алайда, бұл пікірлердің ағымы қандай және қазіргі қазақтар домбыраны нақты қай деңгейде қабылдайды деген сауал өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған орай зерттеу қазақстандағы домбыраның қабылдануы мен қайшылықтары жайлы зерттеу жүргізуді мақсат етеді. Қойылған мақсатқа жету үшін интернет кеңістіктегі бірнеше порталдар мен әлеуметтік желелердің контентіне сапалық және сандық талдау жасалды.
Зерттеу нәтижесінде домбыраға қатысты қоғамдағы жиі орын алатын төрт түрлі бағыттағы пікірлер топтастырылды: Домбыраның орнын қазақтың ескі сенімімен байланыстыратын пікірлер; Домбыраны тек музыкалық аспап ретінде және қазақтың мәдени мұрасы ретінде таныту; Домбыраның ислам дініне қайшы екенін және оның қазіргі кездегі қолданысын терістейтін ұстанымдар; Домбыраның ұлттық аспап ретінде тани отырып, исламдық дәстүрге қайшы емес екенін дәйектейтін ақпараттар. Топтасқан пікірлердің қайшылық деңгейі мен себептері анықталып жеке-жеке талданды.
Зерттеу жұмысы қазақстандық қазақ аудиториясындағы домбыра дискурсының гипотезалық базасын қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Кілт сөздер: Домбыра, қазақ, харам, шаман, болмыс