ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛА МӘДЕНИЕТІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ: ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС ДҮНИЕТАНЫМЫ АЯСЫНДА
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.3Аннотация
Бұл мақалада орта ғасырдағы қала мәдениеті туралы пайымдаулардың философиялық қырлары қарастырылады. Батыс Еуропалық орта ғасыр мен Шығыстағы, оның ішінде Үнді мен араб-мұсылман әлеміндегі мәдениет аясындағы қаланың қоғамдық өмірдегі орны мен халықтың тұрмыс тіршілігіндегі негізгі қызметі сарапталады. Орта ғасырдағы араб-мұсылмандық ренессанс кезеңіндегі қала туралы көзқарастарды талдай келе, оның ерекшеліктері жөнінде тың философиялық қортындылар алынады: базарлардың қызметі, оның сауда-экономикалық қатынастар мен денсаулық сақтау орталығы болумен қатар ақпарат алмасу ошағы болуы. Сонымен қатар қаланың рухани орталықтарға айналып, сол дәуір үшін ғылым мен білім дамуы, прогрестің негізі болғандығы, қалалар құрылысындағы эстетикалық талғамдардың көрініс табуы т.б. анықталды. Орта ғасырдағы Үнді мәдениетіндегі өзіндік ерекшеліктері көрсетілді: толеранттылық, касталық бөлінушілік, интроверттілік, мұралардың сабақтастығы т.б. А. Августиннің «Құдай қаласы» атты еңбегінің философиялық қырлары сарапталды. Онда Құдай қаласы моделінің синкретті метаморфизмінің көрініс табуы, «құдай билеген әлемдегі адам еркі» деп атауға болатын эпопея, рыцарлық өмір салтының көрініс табуы т.б. Орта ғасырдағы қала мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері ұсынылды: тарихи-мәдени сабақтастықты сақтау, өздерін әлемде еркін сезінуі, керуен жолдарының дамудың негізіне айналуы, қала билеушілерінің беделінің артуы, Отырықшылық пен урбанизация, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділіктің сақталуы т.б.
Түйін сөздер: Орта ғасыр, Қала, араб-мұсылмандық шығыс, батыс Еуропа, қала мәдениеті, урбанизация.