XX ғасырда эпистемологияны негіздеу мақсатында қолданылған әдістер онтология: Хайдеггер мен Хартманның мысалы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v79.i1.05Аннотация
Мақалада қазіргі эпистемологияда қолданылатын әдістер қарастырылады, біз неміс ойшылдары Николай Хартман мен Мартин Хайдеггер жасаған онтологияға негізделген эпистемологияға тоқталамыз. Байыпты сынға ұшыраған дәстүрлі философияны қайта қарап, оған жаңа бағыт бере отырып, бастапқы мағынасына қайтадан оралу керек деген пікірлерін қарастырамыз. Мақалада Хартман мен Хайдеггер мұны қалай жасағаны туралы емес, дәстүрлі философияның негізгі ізденісінің орнына онтологияның құрылымына көшу қажет екені туралы ойларын не себептен пайда болғанына сараптама жасалады. Негізінен бұл үрдіс XIX ғасырда пайда болып XX ғасырда өзінің шынайы күшін алған болатын. XIX ғасырдағы ғылым туралы позитивистік түсінік, ғылым мен философияның әлемді тану және өзгерту жолында үлкен жауапкершілік жүктелген салалар екендігін дәлелдеді, сәйкесінше олар философияны тек жаратылыстан логика мен математикаға негізделген пәнге айналдырды. Осы түсінікке сәйкес «универсиализм», «объективтілік» және «рационалдылық» сияқты батыстық ұғымдар қазіргі ғылымның таптырмайтын құндылықтары ретінде жарияланды.
Алайда, ХХ ғасырдан бастап позитивистік түсінік ауыр сынға ұшырады. Жалпы түрлендірулердің бірі - Хайдеггер мен Хартман дәстүрлі философияда абсолютті іздеудегі ойлау тәсілін қайта құруға тырысты.
Кілт сөздер: Эпистемология, онтология, әдіс, позитивизм, объективтілік, Хартман, Хайдеггер.