КӨШПЕНДІЛЕР БОЛМЫСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v77.i3.02Аннотация
Аннотация.Қазақстанның ұлттық менталитетіне зерттеу жүргізу кезінде Қазақ хандығы құрылған кезден бастап,қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы қазақ халқының қоғамдық өзгерісіне (трансформациясына) талдау жасау қажеттігі пайда болды. Детерминация қоғамның қоршаған ортадан ақпаратты қабылдауының негізінде жасалады. Бұл қазақ қоғамының есту және көру мәдениетін (окулоцентризм) бөліп қарастыру. Оны мәдениеттің барлық түрлеріндегі өзгерістер растайды.
Қазақтардың дүниеге деген қатынасы табиғатты түсінуге, қоршаған ортаны өзгертпестен онымен толық үйлесімдікте өмір сүруге, табиғи байлықтарды құрметтеуге және сақтауға бағытталған. Мал шаруашылығы тіршіліктіңнегізі болды. Жануарларға деген ерекше сыйластық көзқарасты да байқаймыз. Біз қазақ мәдениеті туралы барлық ақпаратты негізінен халық ауыз әдебиетінен білеміз. Ең алдымен,көшпелі өмір салтымен байланысты ассоциациалар көз алдымызға келеді, сол кезеңдегі білімді бекітудіңнегізгі жолы осы болды. Осыны ой елегінен өткізе отырып, кейінгі және қазіргі түркі мәдениетініңдетерминациясына қайта оралу қажеттілігі, осы бөліну принципі туралы айту қажеттілігі туындайды. Қазақ мәдениеті бұл кезеңдерді бір сәтте өте шыққан жоқ. Бұл процесс біртіндеп өтіп, адам санасының түпсанасында орнықты. Түркі көшпелілерінің болмысты тануы біздің алдымызда әлемді қабылдаумен байланысты ерекшеліктерге толы бүкіл әлемді ашады және оның ғажап көрінісі халықтық фольклор болып табылады.
Түйінсөздер: окулоцентризм, трансформациялар, менталитет, көрнекі мәдениет, көшпенділік, детерминация.