Қорқыт ата және шаманизм құндылықтары
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v75.i1.06Аннотация
Бұл мақалада шаманизм ежелгі дін ретінде және қолында барлық сиқырлы әдет-ғұрыпқа ие болған арнайы медиатор бақсы музыкасының әсер ету құпиясын, қобыз дыбыстарының ерекше сипатын анықтайды. Қобыз құрылысының антропоморфтық құрылымына енген ежелгі формалар мен мағыналардың өзара байланысы сакральды сипатта болады. Біз бұл ұғымды қазақ ұлтының дүниетанымының лингвистикалық және семантикалық ерекшеліктерін сақтай отырып, бақсы және қобыз ұғымдарының этимологиялық қырларын ашып бердік. Мақала нәтижелері диссоциативті континуумды қолдайды, ол тек диссоциацияны ғана емес, сонымен бірге руханилық пен кеңейтілген санаға қатысты тұтастықты қамтиды. Қорқыт Атаны бақсы болған деп қарастыруымыздың нақты дәлелі – қолындағы қобызы. Қорқыт туралы аңыздың негізгі идеясы бақсылар идеясына, жалпы шаман дініне тән идеяға сай келіп отыр. Қазақ фольклоры үлгілерін тудырушы әрі сақтаушы-таратушылары типтерінің генезисі жағынан ең көнелері бақсы.
Мақалада жалпылау, сипаттау, талдау, қорытындылау және түсіндіру сияқты әдістер қолданылды.
Түйін сөздер: мәдениет, мәдени мәтін, рәміз, құндылық, мәдени-семиотикалық құрылыс.