Ұлттық қазақ музыкасының мәдени контекстері

Авторлар

  • G. Omarova Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v69.i3.010
        92 80

Аннотация

Мақалада Қазақстан өзінің географиялық орналасу ерекшелігі бойынша Азия мен Еуропа (Шығыс пен Батыс) арасындағы орта аймақ ретінде сипатталуымен бірге бұл территория (Ұлы дала аймағы) табиғи-климаттық жағдайларына байланысты көшпелі мәдениет пен өркениеттің «бесігі» болғаны көрсетіледі. Бұл өркениеттің тарихы – адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым- қатынаспен қатар өмір сүрудің тарихы. Мақалада көшпелілердің материалдық және рухани мәдениетінің кеңістіктік-хронологиялық сабақтастығы (С. Ақатаев), оның ішкі тұтастығы мен синкреттік бірлігі ашылады. Автордың пікірінше, музыкадағы синкретизм қазақтың фольклоры да, музыкалық-поэзиялық өнері де негізінде ежелгі наным-сенімдермен (тотемизм, шаманизм, әруақтарға табыну – тәңіршілдіктің құрамдас бөліктері ретінде) және магиялық ғұрыптармен байланысын анықтайды. Автор өз мақаласында белгілі ғалым Е. Тұрсыновтың еңбектеріне сүйене отырып, бақсы (шаман), ақын, жырау, сал, сері, күйші сияқты музыка мәдениетін таратушылардың қоғамның рухани өміріндегі маңызды рөлін және қызметін нақтылайды. Сондай-ақ, қазақ музыкатануында Ә. Мұхамбетова ашқан фольклор мен ауызекі кәсіби музыканың тәңіршілік мүшел күнтізбесімен байланысы қазақ музыкасының этномәдени негізін және оның жүйелі түрінде жіктелген құрылымын анықтауға мүмкіндік берді.

Түйін сөздер: көшпелілер мәдениеті, синкреттік, көне наным-сенімдер, магиялық ғұрып, бақсы, жырау, сал-сері, күйші, тәңіршілік мүшел күнтізбесі.

Жүктелулер

Как цитировать

Omarova, G. (2019). Ұлттық қазақ музыкасының мәдени контекстері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 69(3), 87–97. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v69.i3.010