Қазақтың көне әдет-ғұрып нормаларының ислам құқығымен сабақтас тұстары
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v69.i3.07Аннотация
Аталған ғылыми мақалада Тәуке ханның Жеті жарғысындағы қазақтың әдет-ғұрып нормаларының ислам құқықтық нормаларымен дәлме-дәл және жанама сабақтасқан тұстары зерттеледі. Сондай-ақ олардың теориялық және практикалық көріністері тарихи-салыстырмалы және герменевтикалық әдістер арқылы қарастырылады. Сонымен қатар ислам заңдарының қазақ ғұрыптарымен араласу процестері жайлы айтылады. Негізінде аталған тақырып аясында бірқатар диссертациялар мен ғылыми мақалалар жазылған. Алайда олардың көбі бұрынғы және қазіргі қазақ қоғамындағы ғылыми әдебиеттерге енбеген әдет-ғұрыптар, ырымдар мен тыйымдар, жүріс-тұрыс ережелерін Мұхаммед пайғамбардың хадистерімен және басқа да ислам құндылықтарымен байланыстыруға бағытталған. Сондықтан ол діни-әлеуметтік зерттеу болып табылады. Ал аталған мақала ХVІІ ғасырларда Қазақ даласында қолданыста болған бірқатар әдет-ғұрыптық заң нормаларын классикалық ислам құқығы еңбектеріндегі заңдармен байланысын зерттеуге бағытталған. Сондықтан біздің зерттеуіміз діни-құқықтық зерттеуге жатады. Қазақ қоғамындағы қолданыста жүрген көптеген әдет-ғұрып нормаларының тәңірлік ислам шариғатынан бастау алған. Ислам шариғатымен синтезделген қазақ әдет-ғұрып нормаларының құндылығы, олардың халықтың рухани, әлеуметтік-құқықтық және моральдық қатынастары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі орны мен әлеуметтік және отбасы институтының әлеуетін жақсартудағы рөлі баяндалады.
Түйін сөздер: әдет-ғұрып, жарғы, заң, дәстүр, хадис, қылмыс, құқық