Цирк өнері мәдениеттанудың зерттеу нысаны ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.020Аннотация
Бұл мақалада цирк пен бұқаралық күлкі өнерінің қалыптасуы мен дамуын мәдени құбылыс ретінде зерттеу халықтың мәдени санасының ерекшелігін, бастапқы қайнар көзі мен мәдениет тарихына шегініс жасау мен көркем шығармашылықтың осы түрінің ерекше мәдени нысан ретіндегі дамуына шолу жасауды талап ететіндігі сарапталады.
Күнделікті өмір кеңістігінде пайда болған цирк өнерінің тамыры халықтық күлкі мәдениетінің негізімен және халықтың «өмірін мерекелендіру» қажеттілігімен байланысты.
Цирктің мәдени қалыптасуы мен дамуы халық дәстүрінен, күлкі өнерінен бастау алады. Күлкі – цирктің ажырамас бөлігі. Күлкі көңіл көтеру, коммуникативті, гедонистік, танымдық қызметте болады. Сонымен қатар, әлемдік өркениеттің дамуымен қатар жүретін әмбебап құбылыс. Цирк өнері әрқашан көрерменді толқытуға, таңқалдыруға, елді аузына қаратуға бағытталады. Бұл өнерде жастықтың жалыны, ғасырлардың даналығы, сұлулық пен ерлік, батылдық пен албырттық, көркем шешім мен фантазияның тоғысы өрнектеледі. Цирк спектаклі көрерменге ертегі әлемінің шымылдығын ашып, қайталанбас мереке мен ұмытылмас көңіл-күй сыйлауды мақсат етеді.
Өнер тарихы туралы еңбектерді зерттеу нәтижесінде цирк ежелгі дәуірден, яғни өркениеттің пайда болғанынан бастап, халық шығармашылығының барлық түрлерінде орын алғандығы дәлелденді.
Түйін сөздер: өнер, цирк, күлкі, бұқаралық мәдениет, дәстүр, мәдени феномен, халықтық өнер.