Ауған есірткі тасымалының Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздік жүйесіне әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v67.i1.013Аннотация
Қазіргі таңда әлемдік қауымдастықтың назарын аударып отырған өзекті мәселелердің қатарына заңсыз есірткі саудасын жатқызуға болады. Есірткі тасымалы ұйымдасқан қылмыстың, жемқорлықтың, зорлықзомбылықтың артуына себеп болып, мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіріп, әлемдік қауымдастықтың дамуына әсер етеді. Ауған есірткі тасымалының мемлекеттік деңгейде емес, аймақтық, халықаралық мәселе ретінде өзекті болуы лаңкестік, экстремизм және діни радикализмнің кең қанат жаюына мүмкіндік беріп отыр. Сол себепті, мақалада ауған есірткі тасымалының алғышарттары, Орталық Азия мемлекеттеріне таралу деңгейі және оған әсер етуші факторлар талданып, аймақтық қауіпсіздікке ауған есірткі тасымалының қатері қандай дәрежеде екені анықталады. Ауған есірткі өндірісінің алғышарттарын қарастыру арқылы мемлекеттің есірткі ошағына айналу себебі, аймақ мемлекеттерін жекелей алғандағы есірткі тасымалының тармақтары және көршілес мемлекеттердің әлеуметтікэкономикалық жағдайына есірткі тасымалының ықпалына талдау жасалады. Зерттеудің тарихи, салыстырмалы, каузалды, ретроспективті әдістері негізінде аймақтағы есірткі тасымалы жағдайына статистикалық сараптама жасалды. Сонымен қатар, автор аймақтық ұйымдардың ауған есірткі тасымалымен күресудегі ісшараларының маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу барысында отандық, ресейлік, ортаазиялық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі ауған есірткі тасымалы жанжақты көзқарас тұрғысынан қарастырылды. Басты назар ауған есірткі тасымалының аймақтық деңгейдегі мәселеге айналу себебіне әсер етуші факторларға аударылып, аймақ мемлекеттерінің бұл мәселені шешудегі бірлескен ісәрекеттері нәтижелі болатындығы көрсетіледі.Жүктелулер
Как цитировать
Abdigaliyeva, G., & Kaipova, Z. (2019). Ауған есірткі тасымалының Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздік жүйесіне әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 67(1), 120–132. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v67.i1.013
Шығарылым
Бөлім
ПОЛИТОЛОГИЯ