Имам матуриди мен қазақ діни ойшылдарының көзқарастарындағы құдайға сенім және оның сезімдік танылуының дәлелдері
Аннотация
Мақалада ұлы ислам теологы Имам Матуридидің Құдай болмысын нақыл және ақылмен сезіну, сезілетін әлемдегі Құдай болмысы мен бірлігі мәселесі мен қазақ ойшылдарының діни танымымен салыстыра қарау нәтижелері баяндалған. Әлем болмысына қатысты ақиқатқа қол жеткізуде соқыр сенімге емес, білім мен дәлелге сүйену керектігін негіздеп берген ғалым, тұңғыш мұсылман теологы Абу Мансұр ал-Матуриди болғандығы тұжырымдалады. Имам Матуриди әлемнің бір жаратушысы бар екені, әр заттың өзінен тыс бір ықпалдан бар болатыны және барлығының осы деңгейде көрінуге Ұлы Жаратушының жеткізгені «Китаб ат-Таухид» атты еңбегінде жүйелі баяндалған. Имам Матуриди адам сезімінің Алланы таныту жолындағы рөліне мән беріп, оларды нақты мысалдармен дәлелдеуді өзіне мақсат еткені қаралады. Замандас ойшылдардан ерекшелігі Имам Матуриди адам сезімінің Құдайды таныту жолындағы рөліне мән беріп, оларды нақты мысалдармен дәлелдеуді өзіне мақсат етеді. Ал қазақ халқының дәстүрлі діни танымы негізінен иманның сыртқы формасына емес, ішкі рухани қуат пен тазалыққа мән беретіні белгілі. Рухты, рухани болмысты ішкі сезім арқылы болмаса, сыртқы сезім мүшелері арқылы танып білу мүмкін емес. Ұлы теолог Имам Матуриди тұжырымдарының қазақ даласында кеңінен жайылғанына ақын-жыраулардың шығармашылығынан куә боларлық дәлелдер жеткілікті. Жалпы қазақ халқының дәстүрлі діни танымында сезілетін әлемнің, сезімнің ар жағындағы шындықтың қазақ руханиатына ықпалы басым. Сондықтан да қазақ халқының дәстүрлі діни сенім негіздерінде материалдық құндылықтардан гөрі, көзге көрінбейтін, тек сезім арқылы танылатын құндылықтардың рөлі басым екендігі көрінеді. Жалпы, бұл мақалада ғылыми айқындалғандай, Имам Матуриди «сезімдер әлемін» талдай отырып, адамның ішкі рухани болмысына қатысты мәселелерді талдағанын көруімізге болады. Оның осы кітапты жазуының негізгі мақсаты да, Алланың хикметін, Алланың даналығын таныту болғандығы анық. Ол бүкіл әлемнің жаратылуына қатысты мәселелерге, Алланың бірлігін, барлығы мен сипаттарына жан-жақты талдау жасай отырып, О-ның хикмет сипатын ашып, дәлелдеді.
Түйін сөздер: Имам Матуриди, сезімдік таным, сезілетін және сезілмейтін әлем, қазақтардың діни танымы, Алланың бірлігі мен болмысы.