Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу әдістері (сауалнама, бақылау және интервью)

Авторлар

  • Е. О. Садибеков әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • К. Е. Рахимбеков әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
        114 149

Аннотация

Мақалада әлеуметтік ғылымдағы зерттеу әдістері тереңінен қарастырылып, сонымен қатар практикада қолданылды. Мақалада сауалнама, бақылау және интервью әдістері сипатталып, практика жүзінде қолданылған тәжірибе жайлы баяндалды. Сауалнама әдісін «Президент билігін қайта бөлуіне байланысты Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер жайлы» өткен саяси актіге қатысты қолдандық. Осы мақалада сауалнама әдісінің іріктеуді қалыптастырудан бастап, нәтижесіне дейін жазылды. Қорытындысында қоғамның саяси процестерге деген қатынасын сипаттадық. Екінші зерттеуді өткізу үшін қолданған әдісіміз, ол – бақылау әдісі. Ол әдіс арқылы «Алматы қаласындағы жүйелік маркетингтің жалпы сипаттамаларын жасап, алдау механизмдерін сипаттауды» мақсат қылдық. Осы жұмысты аяқтау мақсатында «интервью әдісі» де қолданды. Интервью жүйелік маркетингтің құрбандарынан алынды. Интервью әдісі арқылы қысқа уақыт ішінде бірнеше адамды алып, жүйелік маркетингтің жалпы ұқсас кездерін жасадық.
Осы ғылыми әдістерді пайдалану арқылы, біз қоғамдағы өзекті мәселелерді зерттеуге тырыстық. Зерттеу нәтижесінде қоғамның «Президент билігін қайта бөлуге қатысты пікірді және сол кезеңге өзекті болған 26-бапқа қатысты пікірді білдік», «Жүйелік маркетингтің жалпы ұқсас тұстарын» жасап шығардық.
Түйін сөздер: әдістер, сауалнама, бақылау, интервью, ғылым.

Жүктелулер

Как цитировать

Садибеков, Е. О., & Рахимбеков, К. Е. (2018). Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу әдістері (сауалнама, бақылау және интервью). ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 60(2), 237–246. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/536