Мемлекеттің саяси тұрақтылығы бекемді дамуының белгісі ретінде
Аннотация
Әлемдік саяси сахнада Қазақстан Республикасы көптеген факторлар бойынша тұрақты даму үстіндегі мемлекеттердің бірі. Тұрақты дамуда экономикалық өсімдерімен қатар ішкі саяси тұрақтылық және де әлемдік саясатқа ықпалын арттыратын, ұлттық мүддені қорғай алатын, ұлттық мүддені тиімді жүзеге асыратын мемлекет қана тең құқылы егеменді мемлекет бола алады. Тұрақты даму – қазіргі әлемде негізгі құндылық. Оның алғы шарты – қатерлі ішкі саяси жүйенің тұрақсыздық туғызатын факторларын, қарсылықтар мен жанжалдардың алдын алу. Тұрақсыздықты болдырмаудың бірден бір жолы қауіптер мен тәуекелдерді дер кезінде анықтау. Ел дамуына әсер ететін қатерлер, тұрақты даму факторлары, тұрақсыздандырғыш факторлар, тәуекелдер сынды факторлар зерттеліп, олардың көлемі, күші, даму траекториясы айқындалуы тұрақты даму концепциясының жүзеге асуының алғы шарты және негізі болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасының саяси жүйе қауіптері мен тәуекелдері қарастырылған.
Түйін сөздер: саяси тұрақтылық, тұрақтылықты қамсыздандыру, ұлттық мүдде, билік дағдарысы.