Философия Ебелек

Авторлар

  • Е. Ғарифолла Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
        80 88

Аннотация

Бұл мақалада Ебелек философия (ебелек тамыры тереңге кетпеген әлсіз шөп, ол тамырынан айырылған соң көшерін жел, қонарын сай білетін қаңбаққа айналады) қарастырылады. Маркстік-лениндік философия сондай ебелектің күйін кешуде. Ол өз бастауын Гегельдің философиясынан алған. «Ебелек философиялар» адамзаттың рухани тарихында болған, әлі де бола бермек. Адам баласы адасып барып жөнін аңғармақ. Ебелек философиясы сол бір адасушылықтың көрінісі. Бүгінгі қоғам өзгеше өлшемдегі философияны қажет етуде. Жаңа тұрпатты философияның өзегі – ізгілік болмақ. Автор ізгілікке негізделмеген философия ебелекке айналады. Желмен келіп, желмен кеткен ілімдер қаншама, алда да ондай жайлар бола береді деген тұжырым жасайды.
Түйін сөздер: Ебелек философия, диалектика, мистификация, қазақ философиясы, Гегель философиясы, плюрализм, коммунизм, логомахия, пацифизм.

Жүктелулер

Как цитировать

Ғарифолла, Е. (2018). Философия Ебелек. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 56(2), 47–54. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/394