Студенттік жастардың өмірлік құдылықтары
Аннотация
Мақалада өмірлік жетістіктер туралы студент жастарының таным түсініктерін талдаумен байланысты мәселелер қарастырылады. Мақалада автордың ҚР ЖОО-ларында жүргізілген социологиялық зерттеуінің негізінде жазылған. Зерттеуге Қазақстанның барлық жеті аймағынан 755 студент қатысты. Социологиялық зерттеулердің деректері студенттік талдаулардағы жетістіктің феноменіне қатысты авторлық бағамдарды сипаттайды.
Автордың тұжырымы қазіргі таңдағы студенттердегі қалыптасқан жетістіктерінің аса маңызды маркерлерін бағалаумен байланысты. Автор қазіргі заманғы жастардың аса маңызды аксиологиялық басымдылықтарына сәйкес ЖОО шеңберінде оқу, ғылыми және тәрбиелік бағытты түзету мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы айтады.
Түйін сөздер: жетістік, құндылық, студенттік шақ, білім беру, даму.