М.Х. Дулатидің «Құдай-Адам-Әлем» концепті: философиялық талдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp1942025
        41 0

Аннотация

Бұл мақала  өтe күpдeлi мәдeни-тapиxи кeңicтiкті қамтитын түркі өркениетінің көрнекті тұлғасы М.Х.Дулатидің философиялық көзқарастарын талдауға  арналады. Қазіргі таңда түркі-қазақ халқының ойшылдарының шығармашылығын жаңаша кеңістіктік талаптар негізінде талдап, әлемге таныту мақсатындағы бұндай зерттеулер заман талабынан туындаған рухани-мәдени қажеттіліктердің бірі екендігі ғылыми баяндалады. Осыған орай, мақала М.Х. Дулати өмір сүрген ортағасырдағы ой-танымның негізгі арқауына айналған  «Құдай-Адам-әлем» концепті ойшыл көзқарастары негізінде  философиялық негізде талданып, тұжырымдар берілді.

Мақалада М.Х. Дулатидің адам өмірі мен оның мәні турасындағы ой-толғамдары аталған концептуалдық талдау  негізінде қарастырылып,  өзіндік ерекшеліктері көрсетіледі. Атап айтқанда, философиялық көзқарастарында  эмоционализмнің де қолданылуы, тарихи айғақтардың молдығы және маңызды оқиғалардың  таңдалып алынуы, теологиялық пікірлердің де астасып отыруы, т.б. 

Бұған қоса, мақалада «Құдай-адам-әлем» концепті арқылы М.Х. Дулатидің адам өмірінің мәні туралы  көзқарастары кейінгі  ХХ ғасырдағы батыстық философтардың идеяларымен астасып жатқандығы салыстырыла  талданып,  әлі де болса тереңірек ғылыми зерделеуді талап ететіндігі ғылыми дәйектеледі.   М.Х.Дулати тұжырымдарындағы мұсылмандық-теология негіздеріне сүйенген өмірдің мәні мен мағынасы, тарих философиясындағы адамзат эволюциясының мәні, шынайы өмір, өмірмәнді этикасына  талдаулар жасалады.

Ойшыл шығармашылығында  сол уақыттағы тарихи-саяси, қоғамдық ахуал,  ислам дінінің түркі тектес халықтарға рухани әсер-ықпалдарының айқын көрініс табатыны айтылады.

Түйін сөздер: М.Х. Дулати,  «құдай-адам-әлем» концепті,   ойшыл, өмірмәнді этика,  ислам, қоғамдық ахуал

Авторлардың биографисы

Ж. Мырзабеков, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан

PhD, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан Республикасы E-mail: myrzabekov.jambyl@gmail.com

Д.Г. Шорманбаева, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды қ., Қазақстан

PhD, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы E-mail: yasmina-dinara@mail.ru

M. A. Домбайчи, Гази университеті, Анкара қ., Туркия Республикасы

PhD, Гази университеті, Анкара қ., Түркия Республикасы

Жүктелулер

Как цитировать

Мырзабеков, Ж., Шорманбаева, Д. ., & Домбайчи M. A. . (2026). М.Х. Дулатидің «Құдай-Адам-Әлем» концепті: философиялық талдауы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 94(4), 4–16. https://doi.org/10.26577/jpcp1942025