Түркістан ғалымдарының мәдени мұрасын зерттеуде Түркия қолжазба қорларының алатын орны

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp202593312
        32 29

Аннотация

Мақалада қазақ даласы Түркістан ғалымдарының Түркия мұрағат қорлары мен кітапханаларында сақталған еңбектеріне библиографиялық шолу жасалып, әр ғалымның ғылым мен мәдениетке қосқан үлесіне баға беріледі. Талқылау бөлімінде Түркістанға телінетін ғалымдар ажыратылып көрсетілді. Бұл мәдени мұраларымыздың ғылыми айналымға енуіне себеп болады, сонымен қатар, түркі халықтарының ғылым-білім сабақтастығының үлгісіне мысал болады. Осылайша, шығыс түркі әлемінің мәдени мұрасын феномен ретінде қарастыруға күш салынды. Бұл мақсатқа жету үшін К. Мэйс (2015) ұсынған методологияға сай қолжазбалармен жұмыс жасауда кезең-кезеңімен: қолжазбаларды жинақтау, каталогтағы қолжазбалар тізімін шығару, қолжазбаның толық сипаттамасын беру, қолжазбаларды салыстыру, қолжазбаны тексеріп оқу, мәтінге анализ жасау іске асты. Қолжазбаларды қарастыруда Түркияның қолжазбалар порталы қолданылды. Мақалада мәдениет пен ғылымның дамуына еңбек сіңірген Түркістан ғалымдарына мән беріп, олардың еңбектері сақталған Сүлеймание, Милли, Миллет және Кастамону кітапханаларының коллекциялары қарастырылды. Тәуелсіздік алғалы бері қазақ жерінен шыққан ғалымдардың мәдени мұраларын зерттеу ісі қарқынды жасалып келеді. Бұл тақырыптың өзіндік мәселелері, зерттеу сұрақтары және бағыттары бар. Атап айтқанда, мақаламызда ғалымдарды қала-аймақ атауы бойынша іздеудің спецификасы мәселесіне жіті тоқталдық. Нәтижесінде қазақ жерінен шыққан ғалымдардың шығармаларын толық қамтып, терең анализ жасауда отандық зерттеушілер тарапынан жеткілікті деңгейге жетпеген деген тұжырымға келдік. Бұл дегеніміз Түркістан ғалымдары мұрасының өз Отаны Қазақстанда зерттеу деңгейін әдістемелік жағынан жетілдіруді, әлемдік мәдениетке қатысты алатын орнын анықтаудың қажеттігін көрсетеді.

Түйін сөздер. қазақ жерінің ғалымдары, Қожа Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, Һибатулла Тарази, Түркістанилер, Сүлеймания кітапханасы, түркі ғалымдары, шығыс түркі әлемінің мәдени мұрасы феномені, биобиблиография.

Авторлардың биографисы

А.Ш. Жамашев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD, постдокторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Н.М. Елеусызбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторанты (Алматы, Қазақстан, эл.почта: yeleussyzbayeva_n@live.kaznu.kz)

 

К.Х. Тәжікова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

ф.ғ.к., доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жетекші ғылыми қызметкері

Жүктелулер

Как цитировать

Жамашев, А. ., Елеусызбаева, Н. ., & Тәжікова, К. . (2025). Түркістан ғалымдарының мәдени мұрасын зерттеуде Түркия қолжазба қорларының алатын орны. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 93(3). https://doi.org/10.26577/jpcp202593312