Қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайындағы толеранттылық мәселесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp20259334
        64 34

Аннотация

Берілген мақалада заманауи қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайындағы толерантттылық мәселесі, сонымен қатар  толеранттылық ұғымының шығу тарихына, оның алғышартына, сонымен қатар, толеранттылық құбылысына әлеуметтік-философиялық талдау жасай отырып, қазіргі уақытта толерантты көзқарасты дамытудың сәттілігі мәдениеттің алдыңғы гуманистік дәстүрлерін ұстануға емес, қазіргі халықаралық-саяси оқиғаларды нақты саналы бағалауға байланысты болатынын атап өткен жөн. Берілген зерттеудесалыстырмалы тарихи, талдау,  аксиологиялық, сауалнама тәсілдері қолданылды.

Жаһандану үдерістері мен құндылықтар жүйесіндегі өзгерістердің этносаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық өзара әрекеттестіктің даму ықпалына ерекше назар аударылады. Авторлар Алматы мен Астанада жинақталған эмпирикалық деректерге сүйене отырып, олардың түсінуіндегі айырмашылықтарды анықтай отырып, жастардың «толеранттылық» және «төзімділік» түсініктерін қабылдауына талдау жасайды. Білім беру және қоғамдық бағдарламаларда бұл ұғымдарды нақтылау және танымал ету қажеттілігі атап өтілді. Сондай-ақ толеранттылық феноменінің, оның ішінде батыс пен шығыс парадигмаларының тарихи-философиялық негіздері қарастырылады. Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық сананың тұрақтылығы үшін толеранттылық мәдениетін дамытудың стратегиялық маңыздылығы туралы қорытынды жасалды.

Жұмыс жастардың мәдени толеранттылығы мен діни сауаттылығын арттыруға, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған гранттық жоба аясында жүзеге асырылды.

Түйін сөздер: толеранттылық, мәдени толеранттылық,  әлеуметтік философия, қоғамдық сананың жаңғыруы

 

Авторлардың биографисы

C.С. Аубакирова, Торайгыров университет, Павлодар, Казахстан

PhD докторы, қауымдастырылған профессор (доцент), Торайғыров университеті, (Павлодар қ., Қазақстан, эл.пошта: aubakur@mail.ru);

Z.S. Iskakova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: zauresh_iskakova@mail.ru);

М.Ж. Кожамжарова, Торайғыров университеті, Павлодар қ., Қазақстан

философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), «Философия және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, Торайғыров университеті (Павлодар қ., Қазақстан, эл.пошта: mayra_2901@mail.ru);

А.Ә. Мажитова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

докторант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан, эл.пошта: nicole_kz@mail.ru).

 

Жүктелулер

Как цитировать

Аубакирова C. ., Iskakova, Z., Кожамжарова, М. ., & Мажитова, А. . (2025). Қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайындағы толеранттылық мәселесі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 93(3). https://doi.org/10.26577/jpcp20259334