Тең мүмкіндіктер философиясы: Қазақстанның инклюзивті жоғары білім беру контекстіндегі көмекші технологиялар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp20259221
        254 99

Аннотация

Жоғары білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында көмекші технологиялар инклюзивтілікті қамтамасыз етудің және тең мүмкіндіктер қағидаттарын іске асырудың маңызды құралына айналуда. Бұл мақала КТ-ны философиялық-антропологиялық тұрғыдан қарастырып, олардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін қолжетімді білім беру ортасын қалыптастырудағы рөлін талдайды. Зерттеуде сауалнама, салыстырмалы талдау, құжаттардың мазмұндық талдауы және жалпы логикалық әдістер қолданылды.

Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы инклюзивті жоғары білімге көмекші технологияларды енгізудегі негізгі кедергілерді анықтады. Оқытушылар арасында КТ туралы орташа деңгейдегі хабардарлық болғанымен, олардың іс жүзіндегі қолданылуы шектеулі болып отыр. КТ-ны оқу үдерісінде қолдануға кедергі келтіретін негізгі факторлар: оқытушыларға арналған арнайы даярлықтың жеткіліксіздігі, технологиялардың қолданыстағы IT-инфрақұрылымымен үйлесімсіздігі және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуге шектеулі қолжетімділік.

Бұл зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы инклюзивті жоғары білім беру контекстінде тең мүмкіндіктер философиясын іске асырудағы КТ-ның рөлін талдау, қазақстандық жоғары оқу орындарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін қолданылатын КТ-ны анықтау, сондай-ақ оқытушылардың КТ-ны инклюзивті білім беруде пайдалану тиімділігі туралы қабылдауын зерттеу.

Түйін сөздер: тең мүмкіндіктер философиясы, инклюзивті жоғары білім беру, көмекші технологиялар, интеграция, тұрақтылық

Авторлардың биографисы

М. Жанарстанова, Астана IT университеті, Астана, Қазақстан

PhD, Astana IT University профессор ассистенты (Астана қ., Қазақстан, эл.пошта: m.zhanarstanova@astanait.edu.kz);

А. Уызбаева, Астана IT университеті, Астана, Қазақстан

PhD, Astana IT University қауымдастырылған профессоры (Астана қ, Қазақстан, эл. пошта: anar.uyzbayeva@astanait.edu.kz);

А. Абдина, Астана IT университеті, Астана, Қазақстан

д.филос.Astana IT University қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан, email: ainir.abdina@astanait.edui.kz);

А. Коспаков , Астана IT университеті, Астана, Қазақстан

PhD кандидаты, Astana IT University (Астана қ., Қазақстан, email: aituar.kospakov@astanait.edu.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Жанарстанова M., Уызбаева A. ., Абдина A. ., & Коспаков A. . (2025). Тең мүмкіндіктер философиясы: Қазақстанның инклюзивті жоғары білім беру контекстіндегі көмекші технологиялар. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 92(2), 4–13. https://doi.org/10.26577/jpcp20259221