Жыраулық-ақындық өнердің түркі халықтары мәдениетінде алатын орны

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp20259117
        77 77

Аннотация

Мақалада түркі халықтарының тыныс тірлігіне өз ықпалын тигізіп,  көшпенділер мәдениетінің дамуына үлес қосқан тұлғалар бейнесі түрлі қырынан зерделеніп, ғылыми сипат табады. Ерекше қасиетімен көпшілікті ілімге, танымға бастап отырған жыраулардың дүниетанымы мәдени-философиялық тұрғыдан талданып, олардың қоғамдық сананың қалыптасуына әсері мейлінше қарастырылады. Зерттеуде жыраулық дәстүр тек өнер ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамның рухани және философиялық аспектілерін бейнелейтін мәдени феномен ретінде де назар аудартады. Жыраулық дәстүрдің тарихи даму кезеңдері мен олардың далалық мәдениеттегі орны көрсетіліп, кейінгі ақындарға әсері қозғалады. Көне дәуірлер қойнауынан бастау алатын жыраулық өнердің өзіндік ерекшіліктерін айқындау, олардың кейінгі сал-серілерге жеткен ескі мектеп екеніне назар аудару, жыраулық дәстүрді жауынгерлік өнердің бір тармағы ретінде салмақтауға жол ашады. Бұрынғы қазақ қоғамында айрықша міндет атқарған жыраулардың ғасырлар қойнауында жасырынып жатқан ғажап бейнелері әлі де болса мәдениет тарихынан тиісті орынын ала алмай келе жатқан құбылыс екенін мойындау керек. Жыраулардың өр бейнесі өздері қалдырған толғаулар арқылы жетіп, олардың қоғамдағы орнын нақтылап берді. Олардың көпшілікті, сондай-ақ әскери жорықтарды ерлікке бастайтын жауынгерлік рухтары нағыз патриотизмнің биік символы екенін ашық айтуымыз керек. Мына жұмыс арғы-бергі тарихи кезеңдегі және қазіргі таңда да жыраулық дәстүрдің қоғамға жағымды ықпал ететін мәдени форма екенін ұсынады.

Түйін сөздер: Мәдениет, қоғам, фольклор, жырау, сал-сері, дәстүр, философия, түркілер, көшпенділер, музыка, күй.

Авторлардың биографисы

Е.А. Ази, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Ақтөбе қ., Қазақстан

Ази Есентүгел Аманкелдіұлы – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Жалпы білім беретін  пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы PhD, (Ақтөбе қ. Қазақстан. эл.почта: Esentygel73@mail.ru)

С. Азап, Кастамону университеті, Кастамону қ., Түркия

Самет Aзап – Кастамону Университетінің қазіргі түрік поляк тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры (Түркия, Катамони қ. эл.пошта: sametazap@hotmail.com )

Н.А Садуакас , Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Садуакас Нұрбол  Абдуллаулы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті (Ақтөбе, Қазақстан. эл.пошта:  sadu_ngd@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Ази E., Азап S. ., & Садуакас N. . (2025). Жыраулық-ақындық өнердің түркі халықтары мәдениетінде алатын орны. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 91(1), 77–87. https://doi.org/10.26577/jpcp20259117