Қазақстан республикасы мемлекеттік қызметінің жағдайы мен жетілдіру жолдары
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v88-i2-010Аннотация
Мемлекеттердің даму үдерісі мемлекеттік қызметтің құрылымдық және функционалдық өзгерістерімен өзара байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметті оңтайландыру және модернизациялау мәселелері өзектілігін жоғалтпайды. Мемлекеттік қызметтің тиімділігі мәселесі әлемнің көптеген елдерінің күн тәртібінде тұр. Мемлекеттік қызмет белгілі бір қоғам мәдениетінің тарихымен тығыз байланысты және бір орында қалмай, әрдайым эволюциялық жолмен бірте-бірте дамыйды. Осы мәселенің тарихын білу зеттеліп отырған құбылыстың жетілуі мен генезисін байқауға мүмкіндік береді. Мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі мемлекеттік қызметтің қалыптасу және өзгеру процесі зерделеу болып табылады. Оны жазу кезіңде әртүрлі құжаттық дереккөздер пайдаланылды. Мақаланың ғылыми әдіснамасы институционалдық тәсілдеме негізінде құрылған. Ол тәсілдеме мемлекеттік қызметті белгілі бір ұйымдастырушылық-нормативтік жүйе ретінде қарастырады. Қазақстанның мемлекеттік қызметтінің қалыптасуы мен біртіндеп жетілуін зерттеу үшін тарихи-салыстырмалы тәсілі қолданылды. Бұл үдеріс мемлекеттің 30 жылдан астам өмір сүрген кезеңінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілер мен стратегиялық құжаттар контекстінде ашып көрсетіледі. Осы құжаттарға контент-талдау (мазмұнды талдау) жүргізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан мемлекеттік қызметінің қалыптасқан құрылымы мен жағдайы ұсынылған. Әсіресе, соңғы жылдары мемлекеттік қызмет саласында енгізілген өзгерістер ерекше қызығушылық тудырады. Мемлекеттік қызметтің жаңа кезеңде және мерзімдік қарқында дамуларын зерттеу осы мақаланың жаңашылдығын құрады. Мақалада мемлекеттік қызметті оптимизациялаудың халықаралық тәжірибесінен кейбір нұсқаулықтары берілген. 2022 жылдан бастап елімізде Президент Қ.-Ж. К.Тоқаевтың бастамасы бойынша, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» орталық идеясымен ауқымды саяси реформалар жүргізілуде. Дамудың негізгі векторы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты болды. Қазахстан Республикасы күш-жігерін өз азаматтарының әл-ауқат деігейін көтеру үшін жұмсауда. Қарқынды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру жағдайында мемлекеттік қызмет рөлінің маңызы артады. Мақалада оны одан әрі жетілдіру бағыттары айқылдалған. Қазақстанның мемлекеттік қызметінде ілгерілемелі өзгерістерді іске асыру бойынша жүзеге асырылған іс-қимылдар мен шаралар анықталды.
Түйін сөздер: мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару, бюрократия, кадр саясаты, мемлекеттік лауазым, мемлекеттік қызмет құрылымы, реформалау, жастар.