Әлеуметтік қақтығыстарды логикалық-математикалық модельдеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v88-i2-09
        69 61

Аннотация

Мақалада әлеуметтік қақтығыстарды зерттеуде математикалық модельдеу әдісін қолданудың кейбір аспектілер қарастырылған. Математикалық модельдеу әдістері ғылымның көптеген салаларында кеңінен қолданылады және олардың әрқайсысының өзіндік қолдану тетіктері мен қолдану ерекшеліктері бар. Зерттеуде әлеуметтік қақтығыстарды талдау мен шешуде математикалық модельдеуді қолданудың ерекшелігі-бұл жанжалдың себептерін, механизмін анықтауға мүмкіндік беретіндігі айқындалған, ең бастысы жанжалдың одан әрі дамуын болжауға және жанжалдың дамуы қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін көруге мүмкіндік береді.

Математиканың, конфликтологияның, әлеуметтанудың, саясаттанудың әдістері мен теориялық ережелерін қолдану негізінде ойындар теориясы әдісі "Қазақмыс" компаниясының кеншілері мен осы зауыттың 2023 ж. тамыздағы басшылығы арасындағы еңбек жанжалын зерделеу кезінде жанжалды бейнелеудің ең танымал әдісі ретінде ұсынылды. Мақалада, қарама-қайшы тараптардың стратегияларын анықтауға мүмкіндік беретін матрица ұсынылған.

Мақалада әлеуметтік процестерді зерттеу үшін динамикалық модельдеу әдістерін қолдану ұсынылады. Мемлекеттегі билік пен халық арасындағы тепе-теңдік дәрежесін білдіретін математикалық формула ұсынылған, оның көмегімен қоғамдағы әлеуметтік қақтығыстың төмендеу немесе жоғарылау дәрежесін модельдеуге болады.  Осылайша, математикалық модельдеу әдістерін әлеуметтік қақтығыстарды зерттеу мен шешуде тиімді қолдануға болады.

Түйін сөздер: математикалық модельдеу, ойын теориясы, әлеуметтік қақтығыс, қақтығыстарды басқару.

Авторлардың биографисы

Д.Е. Ниеткалиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Ниеткалиева Динара Ермековна (автор-корреспондент)– докторант, саясаттану және саяси технологиялар
кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы, Казахстан, эл.почта: issengeldina.di@gmail.com).

Г.К. Абдигалиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Абдигалиева Гульжан Канаевна – философия ғылымның докторы, профессор, саясаттану және саяси технологиялар
кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, (Алматы, Казахстан, эл. почта: gulzhan0104@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Ниеткалиева, Д., & Абдигалиева, Г. . (2024). Әлеуметтік қақтығыстарды логикалық-математикалық модельдеу. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 88(2), 88–95. https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v88-i2-09