Қазақстандағы исламдағы феминизм қозғалысының ерекшеліктері: саясаттанулық талдау

Авторлар

  • Ш.М. Жандосова ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстан, Алмaты қ. https://orcid.org/0000-0002-9689-4592
  • Л.Н. Токтарбекова Шығыстану және африкатану мектебі Лондон Университеті, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығы, Лондон қ. https://orcid.org/0000-0003-4063-8255
  • М.М. Нуров «Тұран» университеті, Қазақстан, Алмaты қ. https://orcid.org/0000-0002-1219-3298

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.08
        258 94

Аннотация

Исламдағы феминизм мұсылман қоғамдарындағы әйелдердің құқықтары жөніндегі жаһандық қозғалыстың бөлігі болып табылады және исламдағы феминизмді саясаттану тұрғысынан түсіну оның мемлекеттік институттар, саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстармен байланысын тереңдетуге ықпал етеді, бұл өз кезегінде оның әлеуетті саяси салдарын бағалау үшін маңызды.

Аталған мақаланың авторлары елдегі феминистік қозғалыстарды қалыптастырудағы исламның рөлі мен маңыздылығын қарастырады, сондай-ақ Қазақстандағы исламдық феминистердің ерекшеліктері мен бетпе-бет келетін сын-тегеуріндерін талдайды. Мақалада ислам феминизмінің негізінде жатқан идеологиялық негіздер мен құндылықтар, олардың саяси практикамен және Қазақстанның қоғамдық құрылымдарына әсерімен өзара байланысы баяндалады. Саясаттанулық талдау арқылы авторлар ислам феминизмінің дәстүрлі қоғамдық нормалармен және институттармен өзара әрекеттесуін, сондай-ақ оның елдің саяси саласына әсерін зерттейді. Мақалада ислам феминистерінің іс-әрекеттерінің стратегиялары мен әдістеріне, олардың қоғамдық өзгерістерге қосқан үлесіне және қазақстандық мәдениет пен ислам дәстүрі контекстіндегі гендерлік теңдік үшін күреске ерекше назар аударылады. Авторлар Қазақстандағы ислам феминистері мен басқа да феминистік топтар мен қозғалыстар арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл перспективаларына, олардың әйелдер құқықтары үшін күрес және әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсарту ісіндегі бірлескен күш-жігеріне назар аударады. Зерттеу Қазақстандағы ислам феминизмінің дамуының негізгі тенденцияларын, оның елдегі қоғамдық сана мен саяси жағдайға әсерін анықтауға бағытталған. Зерттеудің әдіснамалық негізін тарихи әдіс, ретроспективті талдау, эмпирикалық зерттеу әдістері, статистикалық әдіс және кейс-стади, құжаттама мен заңнаманы талдау секілді әртүрлі зерттеу әдістері құрады. Қорытынды талдау ислам феминизмінің әлеуетін Қазақстандағы әлеуметтік және саяси өзгерістерге елеулі үлес қосуға қабілетті күш ретінде анықтауға, сондай-ақ болашақта осы қозғалыстың дамуының негізгі бағыттарын және оның елдің қоғамдық дамуына әсерін айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық маңыздылығына келер болсақ, онда қорытындылардан алынған тұжырымдар Қазақстандағы гендерлік саясат пен бағдарламаларды әзірлеуге негіз бола алады. Исламдағы феминизмнің әйелдердің жағдайы мен гендерлік теңдігіне қалай әсер ететінін түсіну мемлекетке осы саладағы стратегиялары мен шараларын бейімдеуге көмектеседі.

Кілт сөздер: исламдағы феминизм, гендерлік саясат, әйелдер құқығы, дін, белсенді қызмет, мұсылмандық, гендерлік теңдік, әйел мәртебесі, феминизм, саясат.

Жүктелулер

Как цитировать

Жандосова, Ш. ., Токтарбекова, Л., & Нуров , М. (2024). Қазақстандағы исламдағы феминизм қозғалысының ерекшеліктері: саясаттанулық талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 87(1). https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.08